Миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған әнші Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралды. Әнші “Ұшқан бағым” атты әнге бейнебаян түсіріп, ел назарына ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қайрат Түнтеков 4 жыл үзілістен кейін шығармашылығына білек сыбана кірісті. Жуырда ол өмірін өзгерткен жол апатынан кейін алғаш рет сұхбат беріп, басынан өткен қиындықтары жайлы айтты.
“Мен адамның өзгеше тағдырын көрсеткім келді. Әр адамның тағдыры әртүрлі болса да, тыңдармандарға бізбен болып жатқан жайттың барлығы елес екенін жеткізу – мақсатым. “Ұшқан бағым” деген атауының өзі көп нәрсені аңғартып тұр. Ол – менің тағдырым. Бұл мені ел алдында масқара еткендегі бастан кешкенім. Осы уақыт аралығында қанша нәрсе істер едім, бірақ мені тоқтатып, артқа қарай тартты. Ақырында мен жындыханаға түсемін, яғни менің бейнебаяндағы кейіпкерім. Мен шынында да осындай жағдайға жетуім мүмкін еді, сондықтан да бұл менің тағдырым деп отырмын. Бұл әнді шығару үшін екі жыл жұмыс істедім, оған бар жанымды салдым. Бұл ретте маған досым, композитор Айса көмек көрсетті”, – деген еді Қайрат “Время” газетіне берген сұхбатында.
https://youtu.be/FL0JkYDSx3Y