Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Универсиада кезінде Алматыға ескі көлікті кіргізбейді

Содан болар, Алматы қаласының билігі мен Алматы облысының басшылары техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сай келмейтін көліктердің қалаға кіруін шектеу шарасын қолға алмақ.

Былайша айтқанда,

қазақтардың ескі-құсқы көліктерімен қала аумағына кіруі қиындайды.

Қалаға күнде келіп, «таксист» болып күн көретіндер бала-шағасымен бірге қиналатын сияқты.

Универсиада қатысушылары үшін 519 арнайы көлік жүреді. Қазіргі 28 автобус бағыттарына Орталық стадион, «Саяхат» және «Алматы-1» вокзалын қамтитын тағы 18 бағыт қосылады екен.

«Қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында 9 ірі базар мен сауда орындары жабылады. Мектеп оқушылары каникулға кетеді. Осылай қала көшелерін 30 пайызға босатамыз», депті қала әкімі.

Универсиада-2017 Алматыда қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын 168 спортшы қорғамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз