Бүгін тамыз айының 30-да Қазақстанда конституция күні атап өтілуде.
Осыған орай, Киевтегі қазақ диаспорасы Украинада орын алып отырған қиын жағдайға қарамастан Киевте “Нивки” саябағында орналасқан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабайұлының ескерткішінің жанында жиналып қазақстандықтарға арнайы құттықтауын жолдады.
“Құрметті қазақстандық бауырлар, барша Қазақстан халқын Конституция күнімен Украинада жасайтын қазақ диаспорасы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге амандық, тыныштық, бірлік тілейміз!”,- деді ондағы қазақ өкілдері.