8 жасар алматылық Алина Сансызбай “Голос. Дети” атты Украина шоуына қатысып, іріктеуден өтті.
Ол америкалық әнші Арет Франклиннің Think атты хит әнін орындады. Делебені қоздырар бұл ән көрермендерге де, қазыларға да қатты ұнады. Тіпті, жерлесімізге дауыс берген қазының бірі орнынан тұрып, билеп кетті. Енді украин әншісі Монатик оның тәлімгері болатын болды.
„Мен саған неге қарадым, білесің бе?.. Өйткені мен бір орнымда отыра алмадым. Осындай дауыс тембрі, күшті энергиясы бар баланың кім екенін қатты көргім келді„ – деді Монатик.
Алина Сансызбай Мәскеуде өткен “Поколение NEXT-2015” фестивалінің жеңімпазы екенін баса айта кетелік. Ол кішкентай кезінен бимен және каратэмен айналысады екен.