Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Украина соғыс жағдайын жариялады

241

„Украинадағы соғыс жағдайы Ресейдің Украинаның әскери кемелерін атқылауға байланысты қабылданды„

деп жазды „Бүгінгі Украина„ басылымы.

Айта кетейік, жексенбіде, 25 қарашада ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында атыс шығарып, украиналық үш әскери кемені тоқтатқан еді. Федерал қауіпсіздік қызметіндегілер кемелердің Ресей аумағына заңсыз кіргенін мәлімдеген болатын. Осылайша, Ресей украиналық теңізшілерді Қырым түбегінде шекараны бұзды деп айыптап отыр.

Украина президенті соғыс жағдайын бүкіл Украина аумағына емес, кейбір облыстарға ғана енгізуді ұсынды. Олар Ресеймен шекаралас жерде және Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасында орналасқан. Ішінде Одесская, Николаевская, Херсонская, Запорожская, Луганская, Донецкая, Сумская, Харьковская, Черниговская, Винницкая облыстары бар.

Президенттің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады – 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз