Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Украина Ресеймен достықты біржолата үзді

117

Құжатқа 277 халық депутаты дауыс берген.

Заң жобасын парламентке 3 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенконың өзі ұсынған. Оған Керчь бұғазында ресейлік әскердің үш украин кемесін атқылап, тұтқындағаны себеп болды. Заң жобасының “жедел қаралуы керек” статусы болды.

Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин украин дипломаттары Ресеймен 48 келісімді тоқтатқанын, енді таяу уақытта 40 келісімге де нүкте қойылатынын жеткізді.

Украина мен Ресей арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі екі ел президенті Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Келісім он жылға (одан әрі автоматты түрде жалғаса береді) қол қойылған. Жоғарғы Рада мен Мемлекеттік дума құжатты бекіткеннен кейін, келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.

6 желтоқсанда Украина Жоғарғы радасы шекарашыларға территорияға қауіп төнген кезде, ескертусіз оқ атуға рұқсат берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз