Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Украинаға қашқан Ермек Нарымбаевқа іздеу жарияланды

«Бақылау қызметі бөліміне тіркеуге тұрғызған уақытта онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бірақ ол ашуланып, сот жүктеген жауапкершіліктерді дұрыс қабылдаған жоқ. Ол жазаның негізгі мерзімі толық өтелмейінше немесе бақылау уақыты аяқталмайынша, Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынатыны туралы жазбаша ескертілді», – деді департамент өкілі.

Ермек Нарымбаевтың Украинаға кетіп қалғаны 14 шілдеде Айдос Садықовтың Facebook’те Нарымбаевпен Киевте бірге түскен суретін жариялаған уақытта белгілі болды. Нарымбаевпен бірге Киевке тағы бір белсенді Мөлдір Әділова барған. Әділова биыл 21 мамырда «жер мәселесі» бойынша митинг кезінде ұсталғандардың бірі. Нарымбаев пен Әділова Киевте баспасөз мәслихатын бірге өткізіп, Қазақстанда қудалауға ұшырағандарын және саяси баспана сұрайтындарын мәлімдеді.

Ермек Нарымбаев 2015 жылдың аяғында Мұрат Телібековтың «Ветер с улицы» кітабынан Facebook’тегі парақшасында үзінді жариялағаны үшін ұлтаралық араздық туғызды деген айыппен сотталды. Түрме мерзімі кейін еркіндігін шектеу жазасына алмастырылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз