Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Уахабит емеспін, бірақ сақалымды қырмаймын». Мұсылман жігіттің әңгімесі

243

Бірақ, Досанның дінге бет бұруы оны отбасымен бірге болу бақытынан айырып отыр. Үш жыл бұрын күзет бастығы болып жұмыс істеген жігіттің сақал өсіріп, намазға жығылғанын ерсі көрген қайын енесі оны “моджахедсің” деп айыптаған. Сондықтан әйелі мен баласының мұнымен ары қарай тұруына қарсы болып, қазір ажырасып жатыр екен.

Енді сақалыңды алып тастамайсың ба?

Маған қайын атам да сақалыңды қырып таста, банкке жұмысқа тұрғызайық деген. Бірақ, пайғамбарымыз сақалын қырмаған ғой. Сақалды бір тұтам өсіріп, бір тұтамнан артығын қырқу сүннет.

Бос уақытыңды қалай өткізесің? Теледидар көрмейсің бе, сонда?

Техникаға жақындығым бар еді, қолыма түскен заттарды жөндеп, түзетуге құштармын. Сондықтан телефон, планшет жөндейтін шеберхананы мына жігіт екеміз бірігіп ашып алдық. Бос уақытым осыларды шұқылаумен өтеді көбіне. Ал үйде болғанда Пайғамдарымыздың хадистері мен ислам ғұламаларының уағыздарын оқып, дін жолындағы білімімді арттыруға тырысамын.

Осы сақалы үшін Досан полицияның тіркеуге алғанын айтады. Үйіне келіп, қолын қайырып бөлімшеге бірақ алып кеткен. Жөндеп жатқан елдің ұялы телефон, планшеттерін де тәркілеген. Ешқандай күдік тудыратын заттар таппағасын қоя берді дейді. Бірақ, тәркіленген телефондардың ішінен тыйым салынған бейнематериалдардың бар-жоғы анықталғаннан кейін қайтарылатынын айтқан.

Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, ажырасып жатқаныңа жарты жыл бопты. Жас жігітсің, қыздарға бармайсың ба?

А, е, жоқ! Алладан сабыр сұраймын. Ислам діні адамды сабырлы болуға үйретеді. Мені ерекше тәнті еткені де осы. Мұсылман адам қандай қиындыққа тап болса да, артын сабырмен күтеді. Сонда ғана Жаратушы Иеміз пендесіне тура жолды нұсқайды. Дінге бет бұруым маған үміт сыйлап, күш дарытады. Намаз жанымды жай таптырады, деді Досан.

Бүгінде мұсылмандық жолына түсіп, намазға жығылып жатқандар аз емес. Бастысы, осындай жастарымыз нақ ислам дінінің, Құран кәрімнің шынай мағынасы мен алауыз ағымдардың аражігін ажырата алса болды.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз