Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тұтынушыға тиімді”. Алдағы жылдан бастап дәрілік заттардың бағасы реттелетін болады

Өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізіледі, сондай-ақ үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады.

Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында, жақын арада ол екінші оқылымға кіргізіледі және ҚР Парламент Сенатына жолданады. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарлануда.

Одан басқа, Министрлікн 2017 жылдың басынан ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық қызметтер мен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесін орталықтандыруды есепке алу мен Бірыңғай дистрибьютор тізімі толықтай қайта қаралды.

Атап айтқанда, амбулаториялық тұрғыда тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар тізбесі экономикалық жағынан тиімді препараттарды қосу жолымен қайта қаралып, кеңейтілді.

Мысалы, С вирустық гепатитін емдеу үшін қымбат тұратын және тиімділігі төмен (60%) пегилирленген интерферондармен терапия тиімділігі жоғары (98%) емдеу схемасымен (софосбувир+даклатосвир) алмастырылды, ол емделген науқастар санының 500-ден 40 000 адамға жоғарылауына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, дәрілік заттарды шетелдік өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 175 аталымдағы медициналық препараттар бағасы орташа 23%-ға төмендеді, ал отандық өндірушілер ұзақ мерзімді шарттар аясында бағаны төмендету жөніндегі қабылданған міндеттілікке сәйкес, 134 аталымдағы дәрілік заттар бағасын 5% төмендетті.

Қазіргі таңда дәрілік нарық дәріхана арқылы дәрілік заттарды коммерциялық сату және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып бөлінетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күні нарықтағы коммерциялық сату бағасы реттелмейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз