Сөйтсек, бұл арнайы ұйымдастырылған пранк екен. Астанадағы “Хан Шатыр” сауда орталығында өнер көрсеткен әнші әйелдердің паригын киіп шыққан.
Бұл жайында елімізге танымал продюсер Жан Мұқанов өзініңInstagram парақшасында жазба қалдырды.
“Достар, бұл танымал әнші Ғаділбек Жаңаймен болған пранк еді. Біз бар болғаны парик киіп, көзілдірік тағып, пакет ұстап, “Небо над землёй” әнін ортаға орындап шыққан еді. Сол жерде болған көрермендердің әсерін көрсеңіздер. Кейін Ғаділбек паригін шешкеннен кейін өз репертуарындағы “Жылама жаным”, “Ханшайымым-ау” әндерін орындады. Сол кездегі таңқалысты көрсеңіздер”, – деп Мұқанов өз әсерімен бөлісті.