Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тышқаннан қорқады!”. Қазыбек бидің ұрпағы – ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы не білеміз (видео)

455

Сонымен, назар аударыңыздар.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров. Сурет ашық дереккөзден алынды

– Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы.

– Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады.

– Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады.

– Марста өмір сүруге қарсы емес.

– Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді.

– Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері.

– Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады.

– Бүгін кәсіби мерекесін тойлап жатқан Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды.

– “Әлемдегі ең қауіпті жануар – адам” деген оймен толықтай келіседі.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан “СОЮЗ ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Ол ғарышта 8 күн болып, Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз