Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Тұрмыстағы келіншек бастығымен төсектес болғанын айтты

3223

«Магистратурада оқып жүрген кезім. Өзімнен бес жас үлкен бір жігітпен таныстым. Алмас ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді екен. Тәрбиелі отбасынан шыққан, оғаш мінезі жоқ. Жарты жыл кездесіп, ақыры Алмас екеуміз үйлендік. Алмас жұмыста, мен оқуда жүріп тұңғышымыз дүниеге келді.

Бастығыма көне салыппын

Баламызды Талдықорғанда тұратын енем алып кетті. Университетті де, магистратураны да қызылға бітірген мен үшін өз мамандығым бойынша банкке жұмысқа тұру қиын болған жоқ. Жарты жылдан соң жұмыстағы жетістіктерімді көріп, талпынысымды байқаған бастығым бірде мені кабинетіне шақырды. Маған көңілі толатынын айтты. Және мені бөлім бастығы қызметіне тағайындағысы келетінін айтты.

Гүлжан, ол үшін бір шартым бар, соған дайын болсаң болды.

Дайынмын, Асқар Көлбайұлы, әрине, қандай тапсырма болса да орындаймын, дедім шарттың жұмысқа қатысты екеніне еш күмәндәнбастан.

Жарайды Гүлжан, жарайсың! Бізге дәл өзіңдей жұмысқа берілген қызметкерлер қажет. Әзірге бара бер, өзім айтамын.

Үйге келіп, жаңалықпен Алмаспен бөлістім. Ол қуанышыма ортақтасып, балаша қуанды. Екі күнде бастығым тағы шақырып, жаңа қызметім туралы бұйрықтың дайын екенін айтты. Енді өткендегі шартты орындайтын мезгіл келді”, деді. Сөйтіп, орнынан тұрып, үстелді айнала жаныма келді. Қолымнан сипап, екінші қолымен белімнен құшақтады.

Бүгін жаңа қызметіңді жуып берейін, сосын маған рахметіңді айтпайсың ба, Гүлжан? Мені риза қылсаң, әркез биікте жүретін боласың.

Абдырап қалдым. Не дерімді білмедім. Қолын ысырсам, ол кісі ренжіп, жұмыстан мүлдем қуатыны ақиқат. Егер келіссем, бөлек кабинет, астыма жүргізушісімен жеке көлік, жеке хатшым болмақ. Мұндай мүмкіндіктің күнде бола бермейтіні де шындық еді. Соның бәрін ой елегінен өткізіп тұрғанымды сезген бастығым да мүмкіндігіңді жіберіп алма”, деп бастырмалайды. Не істеймін? Ойланып тұрдым да, берілген мүмкіндікті жоғалтқым келмей, “жарайды” дедім. Ол ойланбастан бұйрыққа қол қойып берді.

Күйеуім ештеңе білмейді

Үйге келіп, Алмасқа ертең жаңа орнымды жууға баратынымды, кеш қайтатынымды айттым. Сөйтіп мейрамханадан кейін бастықпен қонақ үйге бардық. Асқар Көлбайұлы бөлмеге шампан тапсырыс беріпті, бірер фужер сіміріп алдық. Ақырындап, мені аймалай бастады. Қолын көйлегімнің астына сұғып, біртіндеп шешіндірді. Менің ойым сан-сақта, өзімнен өзім жиіркеніп тұрғандаймын…

Осылайша болар іс болды. Ия, мен армандағандай жеке кабинетім, қызметтік көлігім, жүргізушім, жеке хатшым бар. Өз жұмысымды жақсы білемін. Бірақ осының бәріне қалай қол жеткізгенім есіме түссе, ысып, күйіп кетемін. Алмастан қуыстанып, оның “ал, бастық әйелімнің тамағын ішейік” деген әзілдерінен өртеніп, өліп кете жаздаймын. Ол маған имандай сеніп, бар үміті мен сыйластығын ұсынып жүр. Ар мен ұятты ойласам, көңілім кедейлене қалады.

Мұндайға қалай барғанымды білмеймін.

Енді бармақ тістегеннен не пайда? Не істесем болады? Алмастың бетіне қарауға ұяламын? Қалай ұмытамын бұл оқиғаны?».

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз