Танымал отандық әнші Әдемі отбасылы еркекпен көңіл жарастырғанын жеткізді. Басынан өткен жайттарды елден жасырғысы келмейтін әнші жеке өміріндегі жайттар туралы ашық айтты.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” арнасында айтылды.
Белгілі отандық әнші Әдемі отбасылы еркекпен көңіл жарастырған күндерін еске алды. Ол басқа әріптестері секілді тосылмай, бұл сұраққа еш қымсынбастан жауап берді.
“Өзімді мінсіз адам етіп көрсеткенді жек көремін. Иә, болды, ол жағдай да басымнан өтті. Уақыт өткізбей ара қатынасымызға тоқтау қою керек болды. Құдайға шүкір, арыға жеткізбей, бәріне нүкте қойдым. Сондықтан ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Өзім де тұрмысқа шыққым келеді. Мен де күйеуімнің көзіме шөп салғанын қаламаймын”, – деді ол.
Дереккөз: Nur.kz