Ақын, журналист Төреғали Тәшен көп нәрсені біледі. Анда-санда сондайларын парақшасына жазып тұрады.
Мысалы, Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильміне түскен актер Ерболат Тоғызақовтың әкесі кім екенін айтып берді:
«Шал құтырды!». Атамыз тыр жалаңаш үш модельмен демалып жатыр (18+)
“Ақын Қасым Тоғызақов! Ленинградта білім алған, Қазақстан Жазушылар одағында аударма бөлімін басқарған. Орыстың классик ақын-жазушыларын қазақ тіліне аударған. Жамбыл Жабаевтың тұңғыш жеке әдеби хатшысы болған. 1936 жылы Мәскеуде болған қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне Жамбылмен бірге болып, ақын өлеңдерін сөзбе-сөз орысшадан аударған адам. Мәскеуден келген соң ұсталып, Сібірге айдалып кетеді. «Сібір Омар» атты өлеңмен роман жазған, жазушылардың бәрі ол кісіні «Сібір Омар» дейді екен. Шапшаң қимылдайтын, шақар мінезді адам болыпты.
Айдаудан ашынып келген, ащы суға үйір Қасым Тоғызақов мастықпен абайсызда әйелін пышақтап өлтіріп қояды.
Сөйтіп, он жылға сотталады.
Ғабит Мүсірепов, Мұхамеджан Қаратаев, Әбділда Тәжібаевтар Қонаевқа, одан Брежневке дейін хат жазып, түрмеден шығарып алғысы келгенмен, сотты жібіте алмайды.
Сотталғанына үшінші жылға аяқ басқанда Қасым Тоғызақов түрмеде өледі.
Мұхамеджан Қаратаев, Әбділда Тәжібаевтар сүйегін түрмеден алып шығып, Алматыдағы жалғыз қарындасының үйінен жерлеуге шығарады.
Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильміндегі шалдың рөлін ойнаған актер Ерболат Тоғызақов – осы Қасым ақынның баласы”, деп жазады Төреғали Тәшенов.
«Алжыдым. Шалмын. Бірақ ұры емеспін» – қартайған Әзімбай Ғали