Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Түркменстандағы президент сайлауын байқауға қатысып жатыр.
Ресми сапары кезінде Берік Имашев Түркменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті. Олар екіжақты ынтымақтастықтың жайын кеңінен талқылады деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз кезегінде Қазақстан мен Түркменстанның сайлау органдарының арасында серіктестік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.