Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түркістаннан Ташкентке автобус қатынай бастады

111

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш рет “Түркістан-Ташкент” бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласының “Алтын Орда” автобекетінен жүре бастаған. Бұл автобус жолаушыларды Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының “Ташкент” автовокзалына дейін жеткізеді.

“Халықаралық автобус бағытын ашудағы мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік қатынастарды нығайту. Автобус бағытын қазақстандық “Бақдәулет Сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзбекстандық “Узавтотранс” мекемесі жүргізеді”, — делінген хабарламада.

Автобус бағытының жалпы қашықтығы  — 335 шақырым, жолға кететін уақыт – 6 сағат 40  минут. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Жол ақысы Түркістаннан 2 мың теңге болса, Ташкенттен 50 мың сом мөлшерінде.

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 15-і күні Шымкентте алғаш рет екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда туризм саласын дамытуға аса мән берілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз