Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Түркістандық Эроха” деген лақап атпен танылған Ерехан Сүлейменов 11 жылға сотталды

https://kaz.365info.kz/oshimdi-aldym-er-adam-oz-khyzy-men-nemerelerin-zorlagan-328590

Дегенмен, бірнеше айға созылған қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды. Сол Ерехан Сүлейменовті қорқытып алу жолымен ақша өндірді және аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап,11 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі қауіпсіздік колониясында өтейтін болады. Сот сондай-ақ жәбірленушінің 213 888 мың теңге көлеміндегі өтемақы төлеу туралы талабын қанағаттандырды.

Сотталушыға жәбірленушінің талаптарын өз еркімен орындауына 2 ай уақыт берілді. Бірақ, сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

https://kaz.365info.kz/zhertolege-khamap-ysh-kyn-zorlagan-kharagandyda-pedofil-sottaldy-328664

Айта кетейік, сотталушының ұлы да бұған дейін қып-қызыл даудың астында қалған болатын. Оның ұлы Исмаил 2016 жылдың тамыз айында Шымкентте Қонаев даңғылының бойында төрт жұмысшыны қағып өлтірген еді. Оқиғаға кінәлі жас жігіт  сотталғанымен, бірақ кейіннен рақымшылық алып бостандыққа шықты.

Естеріңізде болса, бұған дейін «шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысының басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз