Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркістанда “Студенттерге қызмет көрсету орталығы” ашылды

1774

Қазір орталықта 40-тан астам мемлекеттік қызмет көрсету түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ, жатақханаға орналасу, сынақ кітапшасын алу және т.б.

Орталықтың ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев бүгінгі күні Қазақстанның электронды үкіметті дамыту саласындағы жетістіктерін әлем мойындағанын атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес,

2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

Соның бір айғағы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгін колледж студенттеріне қызмет көрсету орталығы ашылып отырғанын тілге тиек етті.

Ал, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Е.Жеңісбеков колледж оқытушылары мен студенттерге картрейдер арқылы жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен (электронды цифрлық қолтаңба) e.gov порталынан қажетті құжат түрлерін алуға болатынын айтты.

Шара барысында колледж директоры Г.Бекбергенова ашылып отырған орталықтың жұмысын тиімді жүргізу үшін колледж мамандары ХҚКО тағлымдамадан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болғанын.

Орталықтың ашылуымен 2000-ға жуық студенттің уақытын үнемдеуге жол ашылғанын, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндігін беріп отырғанын және «SMART-колледж» бағдарламасы енгізілгенін айтып өтті.

Бұған қоса, «НұрОтан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының қолдауымен студенттер бұл орталықта Тассай тұрғын алабының тұрғындарына қызмет көрсететін болады деп мәлімдеді.

Шара соңында Ғ.Тұрсынбаев елімізде цифрландыру жүйесімен барлық салалар қамтылып келетінін айта келе, бар мүмкіндіктерді пайдаланып жастарды электронды түрде қызмет алуға шақырды және бұл бастаманы облыстың барлық оқу орындарында енгізуді ұсынды.

Айта кетсек, елімізде Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз