Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркіменстанда халық азық-түлік тапшылығы үшін полицейлермен төбелесуде

247
Банкомат алдындағы кезек, 2020 жылдың 20 наурызы (сурет: “Түркіменстан хабары”)

Түркіменстанда азық-түлік дағдарысы жалғасуда. Нан, ұн, күнбағыс майы, қант және т.б. секілді негізгі азық-түлік тағамдарының тапшылығы байқалуда. Адамдар азық-түлікті мемлекеттік дүкендерден сатып алуға тырысады, өйткені жекеменшік дүкен иелерінің бағасы бірнеше есе жоғары. Бірақ мемлекеттік «нүктелерде»  тауар әкелінгеннен кейін санаулы сағатта таусылып қалады.

Байрамали қаласында адамдар мемлекеттік дүкендердің алдына  таңғы сағат 4-тен бастап кезекке тұра бастайды, деп хабарлайды Азаттық. Әрқайсысына бір қолға екі нан беріледі. Кейбір әйелдер бір дүкеннен өз үлесін сатып алып, екіншісіне қарай асығады.

Түркіменстандағы «аштық дағдарысының» себебінен бір топ «дүкен мафиясы» пайда болды

Полиция қызметкерлері адамдардың жиналуына жол бермеуге тырысып, кей жағдайларда тіпті күш қолдануға мәжбүр.

— Бұл күндері таңертең №19 мемлекеттік дүкеннің алдында полицейлер кезекте тұрған адамдарды таратуға тырысты. Олар адамдардың жолдың жанында емес, басқа көрінбейтін жерде жиналуын талап етті. Ал дүкен ашылғаннан кейін 5-6 адамнан шағын топтармен келіңіздер деді. Адамдарға айқайлай бастады, — деп  портал 17 маусым күні хабарлады.

Адамдар полицейлермен ұрыса бастады. Тәртіп сақшылары бір қарт адамды көлікке отырғызып, алып кеткілері келген, бірақ ол қарсы тұра бастады. Кезекте тұрған адамдар араласты, іс төбелеспен аяқталды. Нәтижесінде, кезекті таратып, ер адамды бәрібір  полиция бөлімшесіне алып кетті.

Бағасы қымбаттап, рұқсат етілген мөлшер қысқартылуда

Кеше Turkmen.news басылымы Балқанабад пен Түркменбаши мемлекеттік дүкендерінде карточкалық жүйе енгізілгенін хабарлады.

Карточка ретінде мектеп дәптері қолданылады. Оның ішінде отбасы құрамы туралы үй басқармасынан  алынған анықтама болады.

— Мемлекет субсидиялаған өнімдер арасында тауық еті (тұтас  немесе сан еті), бірінші сұрыпты ұн, қант, күнбағыс майы және «Ахал» мақта майы бар. Үй басқармасының барлық жапсырмасы бастықтың мөрімен және қолымен бекітілген, — деп жазады басылым.

Байрамалиде бір қолға берілетін азық-түлік лимитін азайтты, ал олардың құны қымбамттады.

Ал 11 маусымда Гурбангулы Бердымұхамедов әскери және құқық қорғау ведомстволарына жер учаскелерін бөлу жоспары туралы хабарлады. Ол көкөністер мен жемістерді өсіру үшін беріледі-мыс.

Алайда елордадағы мемлекеттік дүкендердің алдындағы ұзын-сонар кезек жоғалып кетті.

Бірақ тапшы өнімдерді алу үшін жүктеме ретінде күріш сатып алу керек

Мұнда оның бір килограммының бағасы шамамен 15 манат тұрады. Порталдың айтуынша, мемлекет күрішті фермерлерден 3 манаттан сатып алады. БАҚ-та сатып алу құны туралы деректер жоқ болғандықтан, журналистер өз дереккөздеріне сілтеме жасайды.

Түрікмен үкіметі жергілікті азық-түлік өндірісі ішкі сұранысты толық қанағаттандырады деп мәлімдеді. Тиісінше, импорт көлемі қысқарады.

— Кейбір БАҚ-та артық азық-түлікті «экспорттауға болады» деген мәлімдеме жасалады. Алайда бақылаушылардың айтуынша,

Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан бері ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешуде,

ал елдегі азық-түлік дағдарысы ушығып барады.

Науқастар бар, бірақ аурудың өзі жоқ

Билік елдегі коронавирусты жоққа шығарады. Бірақ  асқынған пневмония диагнозы қойылған науқастар саны ұдайы өсуде. Сонымен қатар, мұндай науқастармен жұмыс істеген дәрігерлерді де оқшаулады. Медициналық қызметкерлердің арасында да  «пневмониядан» көз жұмғандар бар.

— Тәуелсіз басылымдардың хабарлауынша,

жергілікті ауруханаларға келген тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан науқастардың саны бұрын-соңды болмаған деңгейде,

— деп жазды Азаттық.

Мысалы, уәлаят стационарларында медицина қызметкерлерінің өлім-жітімі көбейді.

— Соңғысы 1965 жылы туған дәрігер. Балқанабат қалалық ауруханасында дәрігер-инфекционист болып жұмыс істеді. Билік оның өліміне COVID-19 себеп болды деп  айтпағанымен,  оның  нақты осы індеттен көз жұмғанын біледі. Дәрігерлер биліктің қате саясатынан шынымен де зардап шегуде, — деген «Түрікменстанның Үкіметіне жақын дереккөздің» мәліметтерін портал хабарлайды.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

Астаналық жұқпалы аурулар ауруханасында медицина қызметкерлерін үйге жібермеуде және олардың телефон қолдануына да тыйым салуда. Бірақ санитар әйелдердің бірі отбасына қоңырау шалып,  карантинде отырғанын және оның 28 күнге созылуы мүмкін екенін жеткізген.

Жедел жәрдем қауырт режимде жұмыс істейді.

— Менің таныстарым шақырған жедел жәрдем жарты сағатқа кешігіп келді. Дәрігер шақыртулардың көп екенін айтып, жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрады. Оның сырт келбетінен өте шаршағанын көруге болады, — дейді астана тұрғыны.

Журналистер Ашхабадта соңғы күндері өте ыстық екенін, сондықтан жүрек ұстамалары мен басқа да осындай аурулардың көбейгенін хабарлауда.

Turkmen.news-тің хабарлауынша,  Ашхабадтағы №9 емхананың бірнеше дәрігері мен медбикесінен коронавирус анықталған.

— Сонымен қатар Түркменабад Жаңа облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатқан 34 науқасқа «асқынған пневмония» диагнозы қойылған. Бұған дейін бір мезгілде мұншалықты көп науқас болған емес, — деп жазады басылым.

Өз есебіңнен еңбек терапиясы

Лепаб уәлаятында жазғы лагерьге жолдама алған оқушыларды

демалыстың орнына мақта және картоп алқаптарына жұмыс істеуге шығарды

Жолдама 300 манат (85 АҚШ долларынан сәл артық) тұрады, бірақ бұл ақша мақсатқа сәйкес жұмсалмаған.

— Біз балаларымыздың лагерьде өткізетін 20 күні  үшін ақша төледік. Балалар пайдалы істермен айналысып, екі уақыт тамақтануы керек еді. Бірақ мектеп басшылары мен мұғалімдері ақша құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалғанын мәлімдеді, — деді ата-аналардың бірі.

Ауылшаруашылығы жұмысы кезінде оқушыларды тамақтандырмаған, тіпті су әкеліп бермеген. Олар  өзімен бірге алған тамақтарын жеп, ішеді. Мектеп оқушыларын таңғы сағат 8-30-да жинап, тек 15-00-де босатады. Мектепте

картоптың өнімі толық жиналғанша, 1 шілдеге дейін жұмыс істеуге тура келеді деп жауап қатты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз