Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тұрғын үйлерге жылу қай кезде берілетіні белгілі болды

Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық барысында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне жолдаған сауалдың жауабында атап өткендей, электр станцияларының 4 энергоблогында (жыл сайынғы көлемнің 40%-ы), 33 қазандығында (54%) және 24 турбинасында (48%) дайындық жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, 5 энергоблокта, 22 қазандық пен 15 турбинада әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, орталықтандырылған жылу жүйесіндегі қазандықтарды жөндеу жұмыстарының 97 пайызы аяқталған, сондай-ақ республика бойынша 21,6 мың шақырым электр беру желілері жөнделген, бұл жылдық жоспардың 89 пайызын құрайды.

Жалпы алғанда, күзгі-қысқы кезеңге электр энергиясын өндіруге дайындық мәселелері бойынша айтарлықтай проблемалар жоқ, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз