Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында тұрмысқа жайлы тұрғын үйді қайта сату құны еліміз бойынша 1,5%-ға өсті. Бұл 2016 қаңтарынан бастап ең жоғары мән, ол кезде өсу қарқыны 3,2% болған еді. Сонымен қатар, қатарынан төрт ай бойы баға 1%-ға артқаны байқалды, бұндай жағдай кем дегенде бес жыл бойы байқалмады:
- шілдеде бағалар 1,1%-ға өсті
- тамызда – 1,4%
- қыркүйекте – 1,2%
- қазан айында – 1,5%
Осы уақыт ішінде қайталама нарықтағы шаршы метрдің орташа құны 209,5 мың теңгеден 220,7 мың теңгеге дейін өсті. Салыстыратын болсақ, 2019 жылғы 1 қазанда «шаршы метрі» орташа есеппен 198,7 мың болды.
Төрт қалада баға 4%-ға қымбаттаған
Қазан айында бағаның өсу қарқыны бойынша Көкшетау көшбасшы болды. Мұнда, ресми деректер бойынша, бір айда қайталама нарықтағы үйлер 5,9%-ға қымбаттап, бір шаршы метрі 202 мың теңгеге дейін бағаланған.
- Павлодар — 220,3 мың теңгеге дейін, 5,5%-ға көтерілген. Бұл ағымдағы жылғы үшінші күрт секіріс: мамырда бағалар 3,3%- ға, шілдеде 3,8%-ға қымбаттады.
- Қарағанды — 242,2 мың, 4,9% дейін көтерілді. Бір жыл бұрын бағалар 194,4 мың деңгейінде болды.
- Орал — 4,2%. Бұл қалада үшінші ай қатарынан жоғары қарқын сақталуда. Қаңтар айынан бастап қайталама тұрғын үй шаршы метрі 159,5 мың теңгеден 193 мың теңгеге дейін көтерілді.
Доллардың дәуірі өтіп бара жатыр, теңге қандай болуы керек? — Своик
Сонымен қатар, бағаның өсуі келесі қалаларға әсер етті:
- Семей — 3,4%,
- Талдықорған — 2,1%,
- Петропавл — 0,5%,
- Нұр-Сұлтан — 0,9%.
Ал Алматыда баға өзгерген жоқ. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап олар тек екі рет көтерілді, бірақ соншалықты жоғары болмады. Наурызда — 0,1%, тамызда – 0,9%.
Талдықорғанда жалға алу құны қымбаттауда
Тұрғын үй құнымен бірге оны жалға алу бағасы да көтерілуде. Қазан айында орташа шаршы метрі 1 614 теңгеден жалға берілді. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6%-ға қымбат. Бұндай динамика бірнеше қалада ғана байқалған. Олар:
Пандемияның екінші толқыны Ұлттық қордың инвестициялық табысын «жалмап» үлгерді
- Талдықорғанда бағалар 6,1%-ға өсті. Жалпы, бұл қала бағаның қымбаттау қарқыны бойынша көш бастап тұр. 10 ай ішінде мұнда жалдау 41,1%-ға өсті және шаршы метрі 1 783 теңгені құрайды. Талдықорған жалдамалы тұрғын үй бағасы ең жоғары бес қаланың қатарына кіреді.
- Павлодар— жалдау ақысы 2,3%-ға атқан. Маусым айында айтарлықтай көтерілу байқалды — 6%.
- Шымкентте жалдамалы тұрғын үй бір ай бұрынғыға қарағанда 3,1%-ға қымбат тұрады. Бұл ақпан айынан бастап бағаның алғашқы өсуі, ал мамыр-тамыз айларында құны тіпті төмендеген еді.
Тұрғын үйді жалға беру бағасы ең қымбат қала — Нұр-Сұлтан. Елордада шаршы метрі 2 919 теңге тұрады. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 81%-ға жоғары және Алматыға қарағанда төрттен бір есеге көп. Ал ең төмен бағалар Орал мен Таразда — тиісінше 1 191 және 1 228 теңге.