Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Доллардың дәуірі өтіп бара жатыр, теңге қандай болуы керек? — Своик

415
Сурет: inbusiness.kz

— Жағдайды түбегейлі өзгертіп, өзіміздің еуразиялық валюта-қаржы жүйемізді құру керек деп санаймын. Ол бізді тәуекелдерден сақтандырып, сенімді, ашық, ыңғайлы, тиімді болып,  шаруашылық қызметтің қатысушыларына ауыртпалық түсірмес еді, — деп мәлімдеді ол. Петр Своик 365info порталына берген сұхбатында бұл не үшін жасалып жатыр және Қазақстанның одан қандай пайда ала алатынын айтып берді.

Дональд Трамп ең басты «бөлшектеуші» болды

Петр Владимирович, мұндай ұсыныстар бірнеше рет айтылды, бірақ көп нәрсе өзгере қойған жоқ. Бұл жолы қандай да бір өзгеріс бола ма?

— Жалпы, соңғы бірнеше жылда айтарлықтай елеулі өзгерістер болды. Пайызы шағын болса да артты. Яғни, салыстырмалы өсу тұрғысынан өте маңызды, бірақ нақты экономикалық көлем тұрғысынан көрінбейді.

Бірақ бұның жаттығу, жаңа дәуірге дайындық екенін жақсы түсіну керек.

Қазір доллардан бас тарту өз-өзіне қол жұмсаумен бірдей

Бұл кез келген ақшаға бірнәрсе сатып алудан бас тарту сияқты. Нәтижесінде бәрі аштықтан өледі. Алайда басқа уақытың келе жатқанын,  оларға дайындалу керегін түсінсек,  жаңа жағдайда өмір сүре аламыз.

— Қандай жаңа дәуір туралы айтылып жатыр? Шын мәнінде, неге дайындалу керек?

— Әлемдегі негізгі экономикалық айналым АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Тек сауда ғана емес, одан да маңыздысы — инвестициялық айналым да долларға тәуелді. Бірақ объективті жаһандық процестердің арқасында долларлық жүйені бөлшектеу процесі жүріп жатыр.  Дональд Трамп басты «бөлшектеуші» болды. Ол кездейсоқ пайда болған жоқ, ол жүйенің ең түпкірінен  келді. Оның функциясы — жаһандық жүйені қайта құру, долларды бөлу, АҚШ-ты алдыға шығарып, құтқару.

Трамп барлығын ретімен бұзу қызметімен айналысты. Бұдан кейін не болатыны анық емес. Трамп өз билігін қорғап, қызметін одан әрі жалғастыруы да мүмкін. Бірақ соған қарамастан жеңіс Байденнің қолында қалатын шығар. Бұл Трамп бастаған процесті тоқтатуға тырысуды білдіреді. Бұл жеңістің нәтижесі қандай болады? Сірә, бұрыннан келе жатқан жүйе бұзалатын шығар, немесе керісінше басқаруға көнбей кетуі мүмкін. Қайта форматтала бастаған жүйеге бәрін орта жолдан тоқтатып, ескірген жүйені қайтаруға тырысу аса зиян.

Доллардың дәуірінің өтетіні туралы бұрыннан айтылады

— Сондықтан барлығы осындай сценарийге дайындалуы керек.

Қытай әлемге криптотехнологиялар негізіндегі жаһандық есеп айырысу-қаржы жүйесін ұсынуға дайын,

Айтпақшы, Қытай Трамптың қызметінен көп зардап шекті. Себебі ол АҚШ-пен, ЕО-мен және басқа елдермен сауда жасай алатын жаһандық жүйені сақтауға көп қызығушылық танытады. Егер қазіргі әмбебап есептеу жүйесі ескірген болса, онда Қытай кез келген жағдайда балама ұсына алады.

Мәскеудің шағымдары әлдеқайда аз және олар жергілікті сипатта. Ресей әлемге өз рублін ұсынбайтыны сөзсіз, бірақ ол посткеңестік кеңістіктегі жалпы ресейлік есептеулерді ұйымдастыруға дайындалып жатыр. Шамасы, ол бұған басқа елдерді — мысалы, Түркия мен Иранды тартуға тырысатын шығар.

Яғни, барлығы жаңа дәуірге дайындалуда. Бірақ сонымен бірге, долларлық «шатыр» толығымен бұзылғанға дейін ешкім балама жаһандық жүйені іске қоспайды.

— Егер ол бұзылмаса, ешқандай өзгеріс болмай ма? Бірақ бұл ұзақ уақытқа дейін созылуы мүмкін ғой.

— Бірнеше жыл бұрын долларлық жүйенің аяқталуы туралы ой маргиналды болды. Ондай ой айтылғанмен, қалғандары оны эксцентрик деп санады. Бұған 2009 жылдың ақпан айында «Российская газета» газетінде  жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ключи от кризиса» атты мақаласы мысал бола алады. Сол кездің өзінде ол долларды «ақауы бар валюта»  деп атады және бүкіл жүйенің өміршең еместігін айтты.

(Ескерту — Назарбаевтың дәйексөзі: «Осы уақытқа дейін ескі әлемнің қозғалтқышы мен жүрегі жаһандық генетикалық ақауы бар әлемдік валютаға негізделген әлемдік капитал болды. Біз бұл әлемді әдеттегідей әлемдік капитализм деп атаймыз. Біз ақаулы валютамен жұмыс істейтін ақаулы капиталды шынайы атымен, мысалы, «ақауы бар валюта»  деп атаған дұрыс және әділетті болатынын түсінеміз.)

Элиталарға ішкі отарлау пайдалы

— Мақала жарылған бомбаның әсерін тудыруы мүмкін еді, бірақ

тіпті біздің сарай маңындағылар да оны байқамауға тырысты, ешкім бұған сенбеді

Бірақ қазір дәл солай болып жатыр. Егер 11 жыл бұрын байыпты экономистер мұндай болжамдардан бас тартуы керек болса, қазір доллар мәңгі болатынына сенетіндер аз. Қазір бұл жай циклдік дағдарыс және одан сол бұзылмайтын долларлық жүйемен қауіпсіз шығамыз. Барлығы дағдарыстың қалай шешілетінін және ескі жүйенің орнына не келетінін талқылауда.

Бірақ бұл  тез процесс емес екенін түсіну керек. Назарбаев 2009 жылы жазды, қазір 2020 жыл, жүйе әлі бұзылған жоқ. Яғни, оның болжамы айдан анық келді бірақ бірнеше айда емес, ұзақ жылдарға созылды. Сондықтан ол әлі де жалғаса береді.

Сіз Қазақстанның қазір қаржылық отаршылдықтың құрбаны екенін бірнеше рет қайталап айттыңыз. Егер бұл жүйе бұзылса, одан құтыла аламыз ба?

—Біздегі отаршылдық сыртқы емес, ішкі құбылыс. Иә, сыртқы белгілер бар және метрополия өз мүдделерін басым қояды. Бірақ жергілікті элиталардың, жергілікті креативті және «білімді» (мен оларды осылай атаймын) таптың басымдықтары анағұрлым айқын көрінеді.

Теңге — отаршылдықтың ең жарқын көрінісі

— Шын мәнінде, қаншалықты көп айтылса да егемендік жоқ. Мұндай егемендіктің бүкіл идеологиясы (жеке қазақ, жеке қырғыз және т.б.) іс жүзінде жаһандану идеологиясымен барабар. Жаһандық метрополия «бөлу және жеңу» қағидаты бойынша әрекет етеді, интеграцияға кедергі келтіріп, «егеменді бытыраңқылықты» сақтайды және қолдайды. Іс жүзінде тәуелсіз емессің және

өзің және өзіңнің мүддең үшін ойлап табылмаған ережелерді орындайсың

Мұндай отарлық схемадан шығудың және өзіңінің дамуыңа тиімдісін құрудың  жалғыз жолы — аймақтық интеграция. Бұл жағдайда Еуразиялық интеграцияның мәні зор. Сондықтан да элита мен «білімді таптың» басым бөлігі еуразиялық интеграцияны қабылдамайды. Олардың отарлық жағдайды сақтайтын көптеген себебі бар. Жергілікті элиталардың өздері өз елін отарлық пайдалануға атсалысады, мысалы, ресурстарды экспорттаудан үлес алады.

Егемендіктің жоқтығының ең жарқын көрінісі — теңге. Біз бәріміз өз валютамызды мақтан тұтамыз, бірақ оның сыртқы рөлі қандай? Егер біз ұлттық валютадағы сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикасын табуға тырыссақ, еш нәтиже ала алмаймыз. Данияр Ақышев осыдан бірнеше жыл бұрын абайсызда  теңгенің үлесі бір жарым пайыздан ең көбі 3 пайызға дейін екенін  айтқан болатын. Шамамен 75% рубльмен, қалғаны доллар мен еуроның үлесіне қалады.

Теңгенің «еркін айналымын» тоқтататын уақыт келді — Своик

Осыған байланысты әсіресе доллар өзінің қазіргі үстем рөлін жоғалтқаннан кейін валюталардың бірігуіне қарсы тұру керек пе деген сұрақ туындайды.

Ең болмағанда келісілген бағам жасайық

ЕАЭО-ға ортақ валюта дегенде не туралы айтып отырсыз?

— Ең болмағанда Глазьев тұжырымдаған нәрсе. Ол бәріміз рубльге көшейік деп айтқан жоқ қой. Ол ең болмағанда валюта тербелістерін бір-бірімізбен келісіп іске асырайық деді.  Ол бір кездері «валюта жыланы» деп аталатын саясат болғанын еске салды. Яғни, франк бөлек, марк пен еуро бөлек болды, бірақ жыланның денесі сияқты өзара келісіп тербелді.

Глазьев  те осындай «жыланды» ұсынады. Ары қарай бірікпей-ақ, валюта бағамын өзара келісіп тербелту керек.  Әркімде ұлттық қаһармандарының портреті бар ақшасы болсын. Бірақ олар бір-бірімен байланыссыз еркін айналымда болмауы керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз