Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Теңгенің «еркін айналымын» тоқтататын уақыт келді — Своик

521
Сурет: 365info.kz

Жақында экономист Валентин Назаров теңге деноминациясын өткізуді ұсынды, бұл туралы «Деловой Казахстан» басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның пікірінше, жақын арада ақшаны ірілендіруге мәжбүр боламыз.

Қазірдің өзінде дайындық жасап, 2023 жылы, яғни ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойында деноминация өткізу керек

Айырбастау коэффициенті 1:1000-нан аспауы керек.

Назаров ақша реформалары шамамен 25-30 жылда бір рет жүргізілгенін еске түсірді: бұл 1947, 1961 және 1993 жылдар.

Экономист Петр Своик біздің порталға берген сұхбатында деноминация мәселесін шешпес бұрын, ең алдымен, курстық саясатпен айналысу керек деді.

Біз Ресей де, тіпті Зимбабве де емеспіз

Петр Владимирович, сіз әріптесіңіздің ұсынысына қалай қарайсыз? Бізге деноминация қаншалықты керек?

— Деноминацияны екі жағдайда жүргізеді. Біріншісі қаржы саясатындағы түбегейлі өзгерісті білдіреді. Мысалы, 1993 жылдың жазында рубльдің деноминациясын еске түсірейік. Ол кезде рубль қатты девальвацияға ұшырап, ұшақтарға салып  оны қарқынды пайдаланған бұрынғы КСРО республикаларына экспорттады. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Рубльді ірілендірген кезде (бірнеше нөлді кесіп тастау), ол енді «одақтық» емес, таза ресейлік валютаға айналды. Яғни

сонымен бірге ұлттандыру және оны басқа республикалардан түпкілікті бөлу процесі орын алды

Рубль шынымен басқа сипат алды.

Номинацияның екінші себебі — егер ұлттық валюта соншалықты девальвацияланған болса, нөлдерді ыңғайлылық үшін алып тастауға болады. Мысалы, Зимбабведе нөлдер тіпті қағаз ақшаға сыймай кетті. Ақыр соңында олар тікелей  долларға ауысамыз деген шешім қабылдап, барлығы аяқталды.

Екі нұсқа да бізге сәйкес келмейді, сондықтан неге деноминация жүргізуіміз керек? Біз ештеңені өзгертпейміз, сол «өзгермелі курстың» отарлау саясатын жалғастырамыз.

Ең бастысы, теңге қашанға дейін «еркіндікте» болады?

— Бақытымызға орай, біздегі жағдай Зимбабвеге ұқсамайды.

—Жалпы алғанда деноминация керек пе деген мәселе аса маңызды  емес. Басқа мәселе туралы ойлану керек: Тағы қанша уақыт теңге «еркін айналымда» болады? 1993 жылғы қарашада оны айналымға енгізген кезде АҚШ доллары 4,7 теңге тұрды. Ресейлік валютамен арақатынасы—теңге үшін 500 рубль.

Бірнеше жылдан кейін теңге бір 47 доллар болды және бұл межеден өте оңай өтті

Енді біз 470 шегіне, яғни жүз еселік құнсыздануға жақындап келеміз. Қашанға дейін осылай жалғаса береді деп сұрайтын уақыт келді.

Егер деноминация жүргізілсе, теңге одан әрі де құнсыздануды жалғастырады. Сонда отыз жылдан кейін қайтадан ірілендіреміз бе?

— Яғни бәрін сол күйінде қалдыру керек пе?

— Теңгенің «еркін айналымын» аяқтап, белгіленген бағамға көшу керек, ол үшін барлық валюталық саясатты өзгерту керек. Өйткені

құбылмалы бағам — Қазақстанды отарлық сыртқы қанаудың алғашқы және басты белгісі

Бұл қанау шикізат экспорты арқылы ғана емес, сыртқы қаржыландыру арқылы да жүргізілуде. Бірақ белгіленген курсқа ауысқаннан кейін, оны ыңғайлы ету үшін қосымша нөлдерді алып тастауға болады.

Ұлттық валюта — бұл жай ғана ақша емес, ол егемендіктің символы. Өзінің құнын жоғалтатын мұндай символдың қадірі төмен. Біз өз валютамызды тағы қанша уақыт мазақ етеміз?

Сенімді мемлекетте баға тұрақты болады

— Бізде белгіленген курсқа қайта оралғысы келмейді. Қалай ойлайсыз, мұның себебі неде?

— Себебі отаршылдық күйден шығу оңай емес. Отаршылдық сыртқы емес, ішкі құбылыс. Ол қаналатын елдің отаршылдық мінез-құлқы мен отаршылдық санасына негізделген. Қазір британдықтар Үндістанды басқарғандай, мегаполистен жіберілген әкімшілік арқылы жүзеге асырылмайды.

Қазір жыл сайын ХВҚ бақылау миссиясын жіберіп, кеңес береді

(шын мәнінде қатаң сөзсіз орныдалуы керек нұсқаулар). Бұл нұсқауларды жергілікті кадрлар орындайды.

— Деноминацияны өткізіп, тіркелген бағамға қайта оралмады делік. Оның қандай әсері болады?

—Бұл қаладағы көше атаулары бар тақтайшаларды ауыстырумен бірдей. Тек ақшаны ауаға шашамыз. Біреулер бұдан пайда табады. Яғни

мұндай шараны ұйымдастырушылар үшін барлық қағаздарды қайта басып шығару өте тиімді

Ақша әлемінде әрқашан жағдай келесідей болады: не болса да, бағалар үнемі өсе береді. Олардың төмендеген кезі болған емес. Бұл жақсы ма, жаман ба маңызды емес, бағалар өсуін жалғастырады.

Ақша — бұл бәрінің, соның ішінде мемлекеттің жауапкершілігінің өлшемі. Егер ол деноминацияны бастаса, бірақ курстық саясатта ештеңе өзгермесе, бұл сенімсіздіктің көрсеткіші. Бағалар да бұған тиісінше жауап береді. Сенімді және жауапты мемлекетте баға тұрақты болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз