Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тұр орныңнан!..”. Әйелдің алдында тізерлеген жігіттің қалай масқара боларын білесіз бе?

342

Жігіттің қыздың алдында тізерлеп тұрып, «Маған тұрмысқа шықшы», — деп өтініш жасауы қазақ жігітіне үлкен сын.

Мен қазақ қызы ретінде өзімнің болашақ жарымның елдің көзінше тізерлеп, маған ұсыныс жасап, өзінің деңгейін, намысын түсіргенін қаламаc та, қабылдамас та едім.

Мүмкінен, дәл сол сәтте мен одан бас тартатын да шығармын. Себебі мен армандаған, мен қиялдаған жігіт маған сөзін өткізе алатын, мені өзінің айтқанымен «жүргізіп-тұрғызатын» болуы тиіс. Бұл сөзімді әркім әрқалай түсінер, алайда дұрысы – осы. 

https://kaz.365info.kz/seks-kino-to-aldy-k-rip-t-ilip-kettik-240885

 

Себебі ер адам әйел затынан қашан да бір саты жоғары тұрады, әйел адам ерінің айтқанын орындау керек деген дәстүрде де, шариғатта да бар.

Шариғатта ер адамдарға «әйеліңе аманат ретінде қара», – деген бұйрық бар.

Ал күйеуі мен әйелі бір-біріне мейіріммен қарауы, қалжыңдасып ойнауы сүннет амалға жатады. Қазақ та бұл сүннетті де ұстанған, амал еткен. Алайда көпшіліктің көзінше емес….

Ал қазір көшеде әйелінің не сүйіктісінің сөмкесін асынған жігіттер мен елдің көзінше сүйіктісіне тізерлеп тұрып ұсыныс жасайтын романтиксымақтарды жиі кездестіре аламыз.

https://www.youtube.com/watch?v=eIrZ5TvMIBU

 

Мен ер адам өз сүйгеніне, жарына сыйлық жасамасын, сыпайылық көрсетпесін демеймін. Алайда әр дүниенің шеті, шегі деген болатынын естен шығармаған абзал. Шетелдің жігіттеріне не істесе де жарасады: шаш бояса да, қыз секілді боянса да, сырға тақса да, әйелінің сөмкесін асынса да, тіпті, әйелін алақанына салып, көтеріп жүрсе де…

Ал кезінде атқа мініп, жауға шапқан, «Алаш» деп ұрандап, елі үшін өзінің қасық қанын қиған қазаққа бұл әрекеттер жараспақ емес.

Ұсынысты тізерлемей-ақ та жасауға болады емес пе? Жоқ әлде қазақтың қыздарына тізерлеп тұрып ұсыныс жасамаса олар келісім бермейді ме? Шетелдің қыздары келісім бермеуі мүмкін, әрине. Себебі бұл үрдіс олардың менталитетіне сіңіп қалған.

 Иә ұлттық идеологияға берілмей-ақ, сыртынан қарағанда «не деген сезім, не деген махаббат», – деп ойлайтының да рас. Алайда ұлттық идеологияны, ұлттық сананы шетке ысыра берсек, ұлттық құндылығымыздан айырылатынымыз тағы бар. Біздің қазір ақсап тұрған жеріміз де осы емес пе? 

https://kaz.365info.kz/tal-arda-bir-keshte-30-mas-zh-rgizushi-staldy-236390

 

Некесіз туған баланы да, қоқысқа тасталған шақалақты да, қызға айналған еркекті де, еркектен асып балағаттаған әйелді де, көшеде ішіп алып, төбелескен қазақ қызын да, соларды мазақ қылған қазақтың «намысқой» жігіттерін де көрдік.

Біз көрмеген тағы не қалды?

Солай.

Болашақ жарына тізерлеп ұсыныс жасаған жігіт әйелінің сөзін сөйлейтін болып алады.

Жарайды барлығы демей-ақ қояйын. Алайда қазіргі көп жігіттер анасына сыйламаған гүлді айдаладағы қызға сыйлап, анасының бетінен сүйіп, басын имеген жігіт өзге қыздың алдында тізерлеп, жалынып, жалбарынуы шектен шыққандық.

https://kaz.365info.kz/syra-iship-seks-izdejdi-zhurnalist-khyrbym-khalaj-byzyldy-285636

 

Қазіргі отбасын неге әйелдер билейді? Еркектер неге әйелінің айтқанынан шыға алмай, айдауына көніп, төзіп отырады? Осы сұрақтардың жауабы біреу ғана.

Ол – қазақ жігітінің жігерсіздігі мен әйелдің алдында тізерлеуі. Әлі әйелі болмаған қыздың алдында тізе бүккен еркек отбасы болған соң,тізе бүгіп, басын иіп жүре береді. Көнеді, төзеді, амалы жоқ…

Себебі басынан-ақ жігіт қыздың алдында тізе бүкті, айтқанына көнді, басына шығарды. 

 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз