Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тың игеру жылдары несімен есте қалды?

342

Шараның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев осыдан 63 жыл бұрын 1954 жылы күллі КСРО кеңістігінде тың жерлерді игеру науқаны басталғанын айтты.

«Соның нәтижесінде айналасы 6 жылда, яғни айналасы 6 жылдың ішінде 41 млн гектардан аса жер игерілді. Мұның 25 млн. Қазақстанға тиесілі болса, 16,3 млн Ресейге тиесілі болды» деді ол.

Ал «Берлік-Единство» әлемдік экономиканы және еуразиялық интеграциялық процесттерді зерттеу геосаяси орталығыны жетекшісі Алексей Чекрыжовтың айтуынша 1953-1958 жылдардың аралығында Қазақстанға 650 мың білікті маман келген екен. Солардың ішінде 1,5 мың мұғалім, 50 мың құрылысшы бар. Әрине, бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының мамандары еді.

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйля Ахметова: тың игеру науқанына КСРО ғылыми тұрғыдан қараған жоқ. Қара күшкесенді. Климат, жер жағдайы, топырақ жағдайы, су ресурсы деген мәселелерге мән берілген жоқ.

Үшінші мәселе осы науқанға жерді жыртпақ тұрмақ, ауылдың тіршілігін білмеймін қаланың жастарын тартты.

Міне, сол кездері тың игеруші деген түсініктер пайда болды. Ал «қазақтар» деген ұғым екінші кезекке ысыралды. Тың игеру науқаны мен индустриялық құрылысқа барлығы 2,5 млн адам тартылған екен.

Бұл өз кезегінде Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде демократиялық ахуалды өзгертіп жіберді» деген пікір білдірді.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуованың айтуынша қазіргі күні бұл тақырып жалпы ақпарат құралдары арасында кеңінен қамтылмайды.

«Менің ойымша Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық саясатына жалпы өткеніміз туралы айтқанда белгілі бір дүниелерді ғана қамту керек сияқты.

Айталық, екінші Дүниежүзілік соғыстағы халықтардың ерлігі, еңбек жетістіктері, белгілі бір даңқты тұлғалардың ерліктері дегендей. Міне, сонда ғана біз өткенге бір көзқараспен қарай аламыз» деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз