Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түлкібас ауданында ер адам көршілеріне оқ жаудырған

1 қазан күні екеуі де өз көліктерінде келе жатып, жолда кезігіп қалады. Осы кезде арада бірден кикілжің туып, бір-бірін балағаттай бастаған.

1992 жылы туған күдікті көлігінен “Оса” атыс қаруын алып шыққанда, жәбірленуші жігіт көлігіне отырып, қаша жөнеледі.

Ашуға булыққан азамат қайтпай соңынан қуып барып, көршісінің отбасы мүшелеріне оқ жаудырған.

Оқиғадан кейін 1994 жылы туған жігіт пен екі жасар сәби дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Екі жасар бүлдіршіннің атылған оқтан қолы жарақаттанған.

Қазір екеуіне де дәрігерлер қажетті ем-дом жасауда.

Айта кетейік күдікті қамауға алынған. Оған қатысты Түлкібас аудандық сотының санкциясымен екі айға қамауға алу туралы қаулы шыққан.

Күдіктіге қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз