Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Twitter демократияға қауіп төндіруде немесе Цифрлагтың бастығы кім болады

Бұл бастамалардың артында сұр кардиналдар тұр – трансатлантикалық идеолог-философтар қауымдастығы, олар бұрын сөз бен кәсіпкерлік қызметтің абсолютті бостандығы үшін күрескен.

Фрэнк иығын кеңге жайды

COVID-19 пандемиясынан бұрын Amazon, Apple, Facebook, Google және Twitter тек коммерциялық тұрғыдан сәтті бизнеске айналмады, олар адамдардың мінез-құлқы мен әдеттерін өзгерте бастады.

Пандемия бастала салысымен және адамдардың көп бөлігі онлайнға өткеннен бұл корпорациялардың беделі одан сайын арта түсті. Сөз бостандығы мен кәсіпкерлікті еркіндікке тәрбиелеп жүрген аталмыш апологтар енді басқаша сайрауда — еркін бизнестің америкалық рухының жарқын мысалдарын бақылауға қалай қою керек. Бұл адамдар — Фрэнсис Фукуяма және оның танымал әріптестері Барак Бичман мен Ашиш Гоэль демократияны технологиядан құтқармақ.

Америкалық саяси топтар неліктен жауласуға бел буғанын біз білеміз. Қытай көшбасшысы және, одан бұрын, әлемдік контркапиталистік қозғалыс көшбасшысы G20 конференциясында жаңа бастаманы айтты:

Жер планетасының әр азаматына жаһандық денсаулық QR-кодын енгізу

Планетаны цифрландыру — уақыт еншісінде. Және бұл мәселе саясиландырылмай қоймайды. Тиісінше, бұл құбылысты сынайтындардың терминологиясын пайдаланып қарайтын болсақ — болашақ жаһандық “Цифрлагтың” бастығы кім болады — әлемдік капитализм немесе әлемдік социализм, міне, мәселе қайда жатыр.

Бұл соғыс!

Жалпы технологиялық гиганттарға бірінші болып ЕО саясаттанушылары өшікті. Олар трестке қарсы заң шығарды. Цирлық платформаларға қарсы еуропалық соғыстарға Америка аса назар аудармады. Бәлкім компаниялар көбіне АҚШ-тан болғандықтан шығар. Бірақ бұл да өзгеріп жатыр.

Соңғы екі жыл ішінде АҚШ Федералды сауда комиссиясы мен бірқатар прокурорлар осы компаниялардың нарықтағы нақты монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтау үшін технологиялық алыптардың қызметіне бірқатар тексерулер жүргізді.

Амалдарда келісу мүмкін емес

Қазан айында АҚШ Әділет департаменті Google корпорациясына трестке қарсы сот ісін қозғады. Технологиялық алыптарға қарсы күресте демократтар да ерекшеленді, олар бұл корпорациялар ұсынып отырған мүмкіндіктерді жау елдердің экстремистері мен арнайы қызметтері белсенді пайдаланатынына сенімді.

Сондай-ақ Америкада цифрлық платформалар мен олардың монополияларына қарсы соттасуға дайын құқықтанушы ғалымдардың басшылығынан тұратын зиялы қауымның тұтас тобы құрылды.

Бірақ олардың күресетін ортақ қаруы жоқ —

«…Ірі технологиялық компаниялардың тарапынан демократияға қауіп төндіретін одақ құрылып келе жатқанына қарамастан, қалай әрекет ету керектігі туралы үлкен келісім жоқ.

Кейбіреулер Facebook пен Google-ді бөлшектеу керек деп санайды. Басқалары — олардың деректерді пайдалану мүмкіндіктерін шектеу қажет дейді. Болашақты нақты түсінбестен, техгиганттардың көптеген сыншылары өзін-өзі реттеу, қауіпті мазмұнды жою және сандық платформаларда орналастырылған материалды бақылауды жақсарту қажеттілігі туралы механикалық ескертуге көшті.

Бірақ

бұл платформалардан келген саяси залал экономикалық залалға қарағанда анағұрлым ауыр

екенін түсінетіндер кемде-кем.

Мұндай тәсілді іске асыру үшін пайдаланушыларға жаңа ақпарат көздері мен ақпарат берудің жаңа тәсілдерін беретін платформааралық бағдарламалық жасақтаманы жасайтын компаниялардың жаңа тобын тарту қажет. Бұл әдіс, ең алдымен, заңды тұлғаларды бөлшектеуге қарағанда тиімдірек…»

Бизнестің жаңа дәуірі

Amazon немесе Google қазірдің өзінде жүздеген миллион пайдаланушылардың деректерімен жұмыс істейді. Егер бұл компаниялар экономиканың басқа да цифрлық емес салаларына кіргісі келсе, олардың иелігінде басқа компанияларда жоқ дерекқор болады. Бұл бәсекелестікте сөзсіз артықшылық.

Бұл бизнестің тағы бір ерекшелігі – желілік әсер. Платформа желісі неғұрлым үлкен болса, бұл платформа пайдаланушылар үшін соғұрлым пайдалы болады. Және ол нарықта көбірек орын алады. Дәстүрлі бизнес түрлерінен айырмашылығы, цифрлық компаниялар нарықтағы үлестер үшін күреспейді – олар бүкіл нарық үшін күреседі. Сондықтан Facebook Instagram және WhatsApp-ты сатып алды — шындығында әлеуетті бәсекелестерін “жеп қойды”.

Бұл алыптар бүгінде қолданушыларының экономикалық әл-ауқатын шөктіру үшін жұмыс істеп жатыр ма деген сұрақ туындайды. Өйткені, олар жедел іздеу, электрондық пошта және желілердегі жеке цифрлық профиль сияқты әртүрлі сандық ыңғайлы фунциялар ұсынады.

Адамдар, өз кезегінде, сандық дәуірдің мүмкіндіктерін бағалайды, дегенмен олар өздерінің жеке мәліметтеріне қол сұғуға мүмкіндік беріп отырғанын және жарнамасын өткізушілердің назарында екенін түсінеді.

Біреулер алыптар бәсекелестікті тұншықтыру үшін стартаперлерді сатып алады деп санайды. Көптеген стартаптар алыптардың қаржылық және әдіснамалық қоректенуінсіз жетістікке жете алмайтын еді дейді. Instagram немесе WhatsApp тәуелсіз болса қазіргідей мықты болар ма еді, бізге ол жағы беймәлім. Мүмкін Цукербергсіз олар ешқашан бұлай табысты болмас па еді.

Google — демократияға қауіп төндіреді

Төменде Фукуяма мен әріптестер ірі технологиялық корпорациялардың қауіптілігі туралы ойларынан қысқаша аударма.

«…Олар “сүзгі көпіршіктері” деп аталатын орта құрды — алгоритмдердің жұмыс ерекшелігіне байланысты пайдаланушылар өздерінің сенімдерін растайтын және нығайтатын ақпаратты ғана алады.

Олар қажетті дауыстарды күшейтіп, немесе көміп тастай алады, осылайша демократиялық саяси пікірталастарға әсер етеді. Біздің ең маңызды қорқынышымыз — бұл платформалар, қасақана немесе емес, сайлауға әсер етуі мүмкін…»

Бұл жерде ол Дональд Трамптың твиттеріне жарияланатын ақпаратты алдын ала тексеру, сондай-ақ Facebook платформасындағы саяси пікірталастар мен мазмұнды модерациялаудан бас тартқаны үшін Цукербергке арналған прессинг еске түсіреді.

Фукуяма сандық платформаларға қандай мақсатпен қысым жасап отыр? Олар іс жүзінде ең қуатты және қауіпті БАҚ болғанын мойындау үшін бе. Сонымен, оларға белгілі бір идеологиялық дайындығы бар және АҚШ үшін қасиетті нәрсе – мазмұнның ұятсыз еместігіне кепіл беретін шығарушы редакторлар қажет пе?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз