АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты 3 жылға сотталды. Майкл Коэн Конгресске жалған ақпарат берді, сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды, салықтан жалтарды деп айыпталды.
Прокурорлар АҚШ президенті әйелдерге ақша беру жөнінде Коэнге тікелей өзі тапсырма берген деп есептейді. Сонымен бірге мемлекеттік айыптаушылар екеуі де сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды деп санайды. Заңға сәйкес төлем жүргізу ашық болуы керек әрі адам басына 2700 доллардан аспауы керек.
52 жастағы Коэн екі айып бойынша да кінәсін мойындады.
Дональд Трамп болса бұл іске қатысты өзінің айыбын мойындамайды. Оның адвокаты Руди Джулиани екі әйелге ақша төлеу беделін түсірмеу үшін жұмсалды деп есептейді.