Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Трамп Вашингтонда Лавровпен кездеседі

Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту қажетін айтқан. Бірақ қызметіне кіріскен соң республикашылдарға тән барынша дәстүрлі көзқарастарды ұстана бастады. Ол НАТО-ның Ресейдің Еуропадағы агрессиясы мен әскери әлеуетін арттыруына қарсы шараларын қолдаған.

Сирия дағдарысына қатысты ұстанымда келіспеушіліктер бар екеніне қарамастан, Сирия тақырыбы Кремль пен Трамп әкімшілігі “Ислам мемлкеті” (ИМ) экстремистік ұйымы және басқа да экстремистік топтармен бірлесе күресу мүмкіндіктерін қарастыра алатын сала болып отыр.

Лавров Вашингтонға 2013 жылдан бері бірінші рет барайын деп отыр. Ол АҚШ-қа өткен аптада Астанада Иран және Түркиямен жасасқан Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісім жоспары бойынша бармақ.

Дереккөз: Азаттық

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз