Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-22
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

“Дональд, сені мұндай деп ойламаппын”. Сорос Трамптың құпиясын ашты (фото)

133

Джордж Сорос

“Мен кіммін?”

Мен евреймін. Жасым 86-ға келді.  Венгрияда туғам. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында АҚШ-қа қоныс аударып аман қалдым. 1944 жылы Венгрияға Гитлер басып кірді. Әкемнің арқасы. Әкем болмаса фашистер мені бесігімде тұншықтырар еді…

Сол кезде түсіндім. Саяси жүйелердің қаншалықты қауіпті екенін.

Билеушілердің екі түрі бар. Бірі халықтың құлы, ал енді бірі керісінше халыққа құл ретінде қарайды. Сіз бұлардың қайсысында өмір сүргенді қалар едіңіз?

Фашистік жүйенің шет-жағасын көрген мен ілгеріде айтылған екі жүйенің алғашқысын таңдадым. Ал соңғысының жауымын.

Меркель “шық бермес Шығайбайға” айналды

Осы уақытқа дейін мен Еуроодақтың сөзін сөйледім. Ашық қоғамның анық дәлелі ретінде қарастырдым бұл одақты.

Бірақ, 2008 жылы бірнәрсе бүлінді. Дағдарыс одақтың олқы тұстарын айшықтап берді. Анығында бұл одақ қарыз берушілер мен қарызға кірушілердің қауымдастығына айналыпты. Қарызға кіргендер талапты сақтай алмады, ал қарыз берушілер қарызға кіргендерді одан сайын батпаққа батырды.

Демократияға дақ түсті. Қарым-қатынастағы теңдік ұмытылды.

Германия Еуропаның билеуші  мемлекетіне айналды. Айналғаны не керек, өзіне жүктелген жүкті арқалай алмады.

АҚШ-пен салыстырайықшы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ Маршалл жоспарын іске қосты. Батыс әлемі осының арқасында өсіп-өнді, өркендеді. Немістер қайтты? 2008 жылғы дағдарыстан кейін Меркель “шық бермес Шығайбайға” айналды. Шашау шығарғысы келмеді. Бұл арада немістер өз күнін ойлады. Одақ ұмыт қалды…

Сіздерге бір құпияны ашайын. Одақтың түбіне Германия жетуі мүмкін. Егер ол өз мүддесін, одақ мүддесінен жоғары қойса демократия өлді дей беріңіз. Неге? Себебі, осы уақытқа дейін Германия Еуроодақтың қозғаушы күші болып келді. Маргарет Тэтчердің өзін бас идірген осы немістер еді.

Германия өзіне басы артық міндеттер алғысы келген жоқ. Меркельдің не дегені есіңізде ме? “Одаққа мүше мемлекеттер өз күнін өзі көрсін” деген ол.

Содан кейін-ақ іштен іру, ыдырау басталды.

Одаққа қарсы қозғалыстар құрылды. Алдымен Brexit, артынша Трамптың АҚШ президенті болуы бізді қорқынышты болжам жасауға мәжбүрлейді. Батыстың ақыры таяу…

“Трамп болашақ диктатор”

Демократия дағдарыста. Жоқ, рас айтамын.

Демократия дегенде алдымен ауызға оралатын АҚШ-тың өзі президенттік орынтаққа алаяқты отырғызып қойды. Алаяғы өз алдына, болашақта ол Путиннің өзінен асып түсетін диктаторға айналуы мүмкін! Ойлап көріңізші, АҚШ диктаторлық мемлекетте айналса әлемде не орнайды?..

Иә, сайланып алғасын Трамп сөзін жұмсартты. Іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзгерткен жоқ, бірақ. Сорақысы сыбайластары сол күйінде қалды. Трамп жасақтағалы жатқан министрлер кабинеты экстремистер мен отставкадағы генералдардан құралатын болады. Мен оларды білем. Көр де тұрыңыз.

“Төртінші билік бар үмітім сенде…”

Демократия мен Трамптың айқасында алдыңғысы жеңуі тиіс. Мен Трампқа емес, АҚШ-қа сенемін. Мұндағы төртінші билік диктаторға айналғысы келетін алаяқты ауыздықтайды деп ойлаймын. Сөйтуі керек.

Әйткенмен, Америкаға алдағы жылдар оңай болмайды. Әлем жайына қалады, өз ішінде күрес басталады. Елдегі азшылық қауым Трамптың қорлығын көреді. Америка әлемнің өзге елдерінде демократияны әкелу туралы ұстанымынан адасады.

“Диктаторлар Трамптың тілеуін тілейді”

Иә, солай. Диктаторлар Трамптың тілеуін тілейді. Тіпті, кейбіреулері АҚШ-пен келісімге келеді. Осы уақытқа дейін Америкадан қаймығып келген диктаторлардың енді бірі тобы өз жерінде өз еліне әңгір-таяқ орнатады.

Трамп тайғанақ адам. Оған принципті ұстанғанша, келісімге келген тиімді.

“Путинге рахат болды”

Еуроодаққа сырттан төнер бір қауіп болса ол – Путин. Бүгінге дейінгі әлемдік саяси сахнадағы оқиғалар Путиннің сценариймен жүріп келді. Бірақ, біз оны кеш аңғардық.

Путин диктатор ғана емес, ол төртінші билік. Арандататын, жалған ақпарат таратуға келгенде Путинге ешкім ілесе алмайды. Ол төртінші билікті өз мүддесіне пайдаланудың нақты бизнес-моделін жасап шыққан әлемдегі жалғыз диктатор.

Мен білем. Мен бәрін білем. Трамптың сайлауда жеңуіне көмектескен бір адам болса ол – Путин.

Сіздерге тағы бір құпияны ашамын. Тек шалт қимылдау керек.

Путин АҚШ-тағы сайлаумен шектелмейді. Биылғы жылы Голландия, Германия, Италия және Францияда өтетін сайлау науқандарына тұмсық тығады. Францияда сайлауға түскелі отырған екі кандидат та Путинді “сүйеді”.  Бұлардың біреуі таққа  отырса таққа бітті дей беріңіз. Путин әлемді билейді.

Батыстың осы уақытқа дейін қалыптастырған құндылықтарының күл-талқаны шығайын деп тұр. Путин, Путин және тағы да Путин…Сақ болыңыздар!

Кеңес үкіметі қалай қирады білесіз бе? Еуроодақ та осы трагедияға таяу. Демократияны құтқару қажет.

Аударған Думан БЫҚАЙ 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз