АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдайды. Ол Вашингтонда жұмыс сапарымен жүр.
Бұл Трамптың АҚШ президенті болып сайланғаннан кейінгі Ресейдің ресми өкілімен бірінші рет кездесуі болмақ.
Трамп пен Лавров Сириядағы жағдайды реттеу мәселесін талқыламақ, былайша айтқанда төрт қауіпсіз аймақ құру жөніндегі Ресей ұсынысын қарайды. Бұл келісімге 4 мамырда Астанада Ресей, Түркия және Иран елдері қол қойған. Бірақ Сирия оппозициясы келісімнен бас тартқан.
Екі тарап сонымен бірге АҚШ және Ресей қатынасы мен әртүрлі «ғаламдық тақырыптарды» талқылайды деп жоспарланған. ФБР басшысы Джеймс Комидің оставкасы да сөз болуы мүмкін. Коми Трамптың Ресеймен байланысы жөніндегі жанжалды зерттеген.