Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Трамп Ауғанстаннан неге қорқады?

“Талибан” өзінің медиа ресурсында 23 қаңтарда жариялаған Дональд Трампқа арналған мәлімдемесінде АҚШ-тың Ауғанстанға әскер кіргізген 15 жылға жуық уақыт ішінде миллиардтаған доллар қаржы шығындап, ешқандай жетістікке жетпегенін және осыдан кейін сенімнен айырылғанын айтады.

“Бұл соғысты тоқтату жауапкершілігі сіздің мойныңызға артылады” деген “Талибан”.

Қозғалыс бұған дейін де талай рет АҚШ пен оның одақтастарын Ауғанстаннан кетуге шақырып, Ауғанстаннан шетел әскері шығарылмайынша Кабулмен бейбіт келіссөз өткізуден бас тартып келді.

АҚШ 2001 жылы “Әл-Қаиданы” ығыстырып шығару үшін Ауғанстанға алғаш әскер кіргізгенде НАТО коалициясындағы америкалық әскерилердің саны сол жылы 8400-ге дейін азайған.

Коалиция күштері негізгі әскери миссиясын аяқтаған 2014 жылдан бері “Талибан” Кабулдегі Батыс елдерді қолдайтын билікке қарсы күресте кәдімгідей жетістікке жетті. Қазір үкімет күштері Ауғанстан территориясының үштен екісіне ғана бақылау жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз