Мектепте, балабақшада, сауда дүкенінде, тіпті метрода жарылғыш зат қойылды деген мағынада көп анонимді хабарлама келіп түсіп, бақытымызға орай, көбіне ол жалған болып жатады.
Дегенмен жарылғаш зат тауып алған немесе сондай қауіпті жағдайға тап болған адам не істеуі керек? Бұған ел азаматтарының көбісі нақты жауап бере алмасы анық. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін төтенше жағдайларды жою қызметі ұдайы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.
Күдік тудыратын затты тапқан жағдайда іс-әрекет ету тәртібі:
— Қол тигізуге, ашу, қозғау немесе тапқан затпен басқада іс-әрекет жасауға үзілді-кесілді тиым салынады.
— Заттың қасында ұялы телефонды қолдануға және басқада радио байланыс құралдарын байдалануға болмайды.
— Күдікті затты тапқан жағдай бойынша полицияға немесе құзырлы органдарға дереу хабарласу қажет.
Қоғамдық көлікте:
Егер Сіз қоғамдық көлікте иесіз немесе ұмтылған затты тапқан жағдайда:
1. Қасыңызда тұрған адамадардан сұраңыз, кімдікі және кім оны қалдырып кету мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз.
2. Егерде заттың иесі анықталмаса, дереу жүргізушіге хабарлаңыз.
Тұрғын үй подъезінде:
Егер Сіз белгісіз затты өз үйіңіздің подъезінде тапқан болсаңыз:
1. Көршілерден сұраңыз. Мүмкін зат оларға тиесілі шығар.
2. Егер заттың иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат бойынша құзырлы органдарға хабарласыңыз.
Мекемеде:
Егер Сіз белгісіз затты мекемеде, ұйымда тапқан болсаңыз:
1. Дереу әкімшілікке немесе мекеме күзетіне табылған зат бойынша хабарлау қажет.
2. Белгісіз заттың табылу орнын және уақытын белгілеп қойыңыз.
3. Адамдардың қауіпті аймақтан және күдікті заттан алыс тұруына шаралар қабылдаңыз.
4. Құзырлы органдарының өкілдерінің келуін күтіңіз, күдікті заттың орналасқан жерін, табылған уақытын және шағдайларын көрсетіңіз.
5. Үрейлеңбеңіз. Болуы мүмкін жарылыс туралы болған жағдайды білуі тиіс адамдарға ғана хабарлаңыз.
Сондай-ақ есте болу қажет, заттың сыртқы келбеті оның шынайы мақсатын жасыруы мүмкін. Болуы мүмкін жарылғыш құралдарының, басқада қауіпті заттарға келесі белгілер көрстетілуі мүмкін:
Жарылғыш құрылғының белгілері:
— Сымдардың болуы, кішігірім антенна, изолента, шпагат, жіп, пакеттегі скотч, немесе пакеттен шығып тұрған скотч.
— Табылған күдікті заттан шығатын дыбыс (пакет, сөмке және т.б.)
– Сағаттың тықылы, шерту және т.б.
— Табылған күдікті затта қуат көздерінің элементерінің болуы (батарейка)
— Сым керілгі, жіп, шпагат, леска;
— Заттың өзгеше орналасуы;
— Аталған жерге тән емес заттың болуы;
— Аталған жерге тән емес өзгеше иістің болуы.