Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Төреғали Төреәлі өзін ақша табу үшін кино түсірді дегендерге жауап берді

334

Былтырғы жылдың қазан айында Төреғали “Айхай-25” деп 5 күн қатарынан концерт беріп, артынша үйлену тойын дүркіретіп жасады. Ал биылғы жылдың қазан айында Төреғали тырнақалды фильмінің тұсауын кеспек. Бұл туралы ол 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына кеңінен айтып берді.

https://kaz.365info.kz/khojsandarshy-ej-khajrat-pen-toregali-tojdy-basyna-koterdi-video-330570

 

“Мамандығым бойынша алғашқы жұмысым. “Ұлы дала комедиясы” деп атауын Абулсаит деген жігіт қойды. Осы жердегі Азиз, “Өнер қырандары” мен “Назар аудардың” жігіттері бар. Комедия болғаннан кейін әзілдің майталмандары аралассын дедік. Мен енді комедиялық актер емеспін, қолдан келгенше ойнап шығуға тырыстым.

Қазан айының 14-ші күні, өзімнің туған күнінде тұсауын кесеміз. 18 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Мықты жігіттерден құралған команда жұмыс істеді. Қазір монтаж жұмыстары жүріп жатыр, өзім де асыға күтіп жүрмін”, – деп ағынан жарылды Төреғали.

 

https://kaz.365info.kz/korermenderi-erke-esmahanga-eskertu-zhasady-foto-331374

Мамандығы актер болғанымен, әріптестері жарыса кино түсіріп бастағаннан кейін Төреғалидың кино саласына бет бұруы көптің көңілінде күдік тудырған еді. Көпшілік Төреш қыруар ақша табу үшін де жаңа істі қолға алған шығар деп топшылады. Алайда Ұлы дала баласы ел көкейіндегі күдікті жоққа шығарды.

“Табыс көзі ретінде қарауға қиын. Себебі бұл нағыз шығын шығатын іс. Біз араласып жүрген той-тоймалақ пен концерттен қарағанда бұның әлемі, саудасы бөлек екен.

Мен өзі математикаға жоқ адаммын, әрі қарай миым жетпей қойды. Бірақ жақсы шығын шықты. Өзіміздің маңдай теріммен, тырнақтап тапқан, табан етіміз мүжіліп, қажалып жүріп, Алланың бергенін жұмсап жатырмын.

Өнердің өзінен алып, өзіне салған – ең дұрысы сол шығар. Оны жинай бергенде не істейміз?! Керісінше киномен жеткізсек те, тәлім-тәрбие ретінде… Өзімді құрбандыққа, жамандыққа шалсам да, бір жағы тәрбиеге келіп соғады. Мен осыны бір істеп көрейін, саудам жүріп кетіп жатса, әрі қарай көремін деп бастаған жоқпын. Бала күнгі арманым – актер болу, киноны шындап қолға алып жатырмын. Актер болу да, ақын болу да, әнші болу да арманым еді, Алла біртіндеп бәріне жеткізіп жатыр.

https://kaz.365info.kz/ana-sytine-yj-aper-enesinin-talabyn-oryndamagan-astanalykh-zhigit-akhyry-azhyrasyp-ketti-331407

Менсіз де қазақта актер жетеді, кино түсіріп жатқан адам да жетеді. Бірақ ақсап тұрған қазақ тілінің бір жыртығын жамасақ, құлап тұрған қабырғасын тұрғызуға күшіміз, әліміз жетіп жатса, неге жасамасқа?” – дейді Төреғали.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз