Австриядан Ресейге қылмыстық топтың серкесі Аслан Гагиев, яғни қылмыс әлемінде Жако деген лақап атпен танымал ТМД-дағы №1 киллер экстрадицияланды.
Ол тапсырыспен адам өлтіретін болған. Ресейлік тергеушілердің мәліметінше,
Жако Владикавказдың мэрі Виталий Караевты, Солтүстік Осетияның вице-премьері Қазбек Пагиев пен осындағы бірқатар погондағы шендінің көзін жойған.
Бұл – ресми айып. Ал ресейлік БАҚ мәліметтерінше, Гагиевтің құрбандары бұдан да көп деп хабарлады ВВС.
Гагиевтің бандасы пайда болғанда Солтүстік Осетияда кісі көп ұрланып жатты. Олар сол ұрланған адамдарды босатумен айналысты. Алайда олар ұраушыларды өлтіріп отырды. 2008 жылы Солтүстік Осетияны олар аяғынан тік тұрғызды. Жоғары шенді шенеуніктерге бандылар қырғидай тиді. Осы жылдың басында Солтүстік Осетия басшысы Сергея Такоевқа шабуыл жасалды, бірақ ол аман қалды.
Осы жылдың наурызында Владикавказ орталығында осы өңірдің ішкі істер департаментінің ұжымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Марк Мецаевты көшенің ортасында тоқтатып, көлігіне оқ жаудырды.
Қазанда осы өңірдің ішкі істер департаментінің Қылмыскерлерді іздеу бөлімінің басшысы Виталий Чельдиев 20 жасар ұлы Заур екеуі асқан қатыгездікпен өлтірілді. Ал қарашада Владикавказдың мэрі Виталий Караев, желтоқсанда Солтүстік Осетияның вице-премьері Қазбек Пагиев өз үйлерінде өлтірілді.
Мәскеуде Содбизнесбанк пен „Кредиттраст” банктің қожайыны Александр Слесарев отбасымен қоса өлтірілді. “Национальный капитал” банктің қожайыны Дмитрий Плытник пен “Кутузовский” банкі басқармасының төрағасы Олег Новосельский де Гагиев бандасының құрбаны болды.
Бұл қылмыстық топ 2011 жылы “Қаржылық лизинг компанияның” бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары Андрея Бурлаковты өлтіреді, бірақ қасындағы әйелі аман қалады. Владикавказдағы прокурор орынбасары Олега Озиевтің де көзін жояды. Ал 2012 жылы тамызда мәсуеклік ізкесуші Александр Леоновқа шабуыл жасайды.
https://kaz.365info.kz/omskiden-ajyrylasyn-estoniyanyn-byryngy-prezidenti-putinnin-zaresin-yshyrdy-318252
Бұдан бөлек оған қарақшылық пен алаяқтық, қылмыстық қауымды құрғаны үшін де айыптар тағылуда. Ресейлік БАҚ
Гагиевтің бандасын Ресейдегі ең ірі қылмыстық топқа жатқызады. Ал өзін қылмыс әлемінің өте қауіпті серкесі санайды.
Гагиевтің бірнеше жақтастары ұсталып, бүгіндері өмірін темір тордың арғы жағында өткізіп жатыр. Ал ГОагиевтің өзі сытылып кеткен. Оған 2014 жылдың қазанында халықаралық іздеу жарияланыпты. Ол көп ұазамай, яғни 2015 жылдың қаңтарында Австрияда құрықталды.
Ресейлік басылымдардың мәліметінше, Гагиев Еуропадан саяси баспана сұрап, басын арашалағысы келген. Ол өзінің Солтүстік Осетиядағы „грузиндік жол„ үшін күрескенін, сондықтан Ресей тарапынан саяси қудалауға ұшырағанын айтып, шетелдіктерді сендірмек болған.
Алайда өткен жылы қыркүйекте Венаның Жоғарғы соты Гагиевті Ресейге өткізіп беру туралы РФ Бас прокуратурасының сауалын қанағаттандырған. Вена соты Ресей тарапынан Гагиевті соттау кезінде оған ешқандай күштеу шараларын қолданбау,адам құқығын бұзбау туралы дипломатиялық кепіл хат алғанын мәлімдеді.
https://kaz.365info.kz/putinnin-khuyn-aj-khazakhstan-euraziyalykh-odakhtan-shyga-almaj-ma-314566
Бастапқыда Гагиевті Ресейге 2017 жылдың қарашасында экстрадициялайды делінді, алайда бұл іс кенеттен кілт тоқтады. Өйткені оның қорғаушысы Австрияның заң органдарына Гагиевтің аэрофобия дертіне шалдыққаны туралы құжат тапсырған. Ұшаққа отырудан қорқады деген.
Кейіннен екі тәуелсіз сарапшы айыпталушы бұл дерт туралы құжатты қолдан жасағанын анықтады.
Тергеушілердің мәліметінше, „Гагиевтің бандасы 2004 жылы құрылған. Оның 50 шақты мүшесі бар. Оның құрамында құқық құрылымында жұмыс істейтіндер де болған.
Солтүстік Осетиядағы өндірістік нысандар мен көптеген ғимараттар Гагиевтің жекеменшігі болып табылады. Ол кеме портын да ұстайды.
https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-adil-khytaj-atakhty-sary-almastyn-seriktesi-ystaldy-foto-266073