Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Тоңбасын дедік…”. Тірідей жанған бір жасар Бақтияр тозақта өмір сүріп жатқандай (фото)

313

«Ол шыныменен жанған, беті, мойнын, кеудесін өрт шалған. Тірідей жанған ғой. Бұл абайсызда болған төтенше оқиға. Оны сынайық-мінейік, одан қазір түк пайда жоқ. Суреті мынау, жүрегіңіз ауырады.

Қазір төрт жаста. Балабақшаға бармайды, далаға бетін бүркеп шығады.

Терісі тырысып қалған ғой. Ал бала өсіп келеді. Өскен сайын тері тартылып жатыр. Мұрны мен көзінің айналасында, әсіресе.

Дұрыстап тыныстай алмайды, ал көзі жабылмайды. Жанына батқан ауырту күннен күнге үдеп барады. Ота жасамаса болмайды.

Ал оның отбасы өте жұтаң тұрады… Үнді дәрігерлері Бақтиярға ота жасауға келісіп отыр. Алғашқыға 21 мың доллар керек, одан бөлек тағы 5 мың доллар: жолпұл, тамағы және т.б. Дәрігелер ең бірінші балақанның мұрнын жасаймыз деді, содан соң қабағы мен құлағына кіріспек…

Отаны баяғыда жасау керек еді. Ал ол балақан міне төртінші жыл шыдап, тозақта өмір сүргендей болуда. Оның жазығы қанша? Басқа-басқа, балаларымызды мұндай сынаққа салмасын” деп жазды Ольга Рябева.

https://kaz.365info.kz/okho-da-denesinde-sau-tamtygy-khalmagan-ajel-asylgan-kyji-tabyldy-foto-video-18-294792

Осы аптада Ольга Рябева елден сүйінші сұрады:

“Сіздер не істегендеріңізді білесіздер ме? Мұны ғажайып деу керек. 26 мың доллар жиналды, шот жабылды, Бақтиярға ота жасалатын болды, урааа!” деп елеңдеген елге қуанышын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз