Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
12
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Тоқтар Төлешев шенеуніктерге мың доллардан «рахмет» беріпті

Сыра зауытының бұрынғы қожайынына Қылмыстық кодекстің 245-бабы, 2,3 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 28-баптың 2,3 бөлігі, 2-тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 222-баптың 2,3 бөлігі (Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері), 241-баптың «а», «б» тармағы (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу), 312-бап 4-бөлігінің «а», «б» тармағы (Пара беру), 367-баптың 3 бөлігі 1,3 тармақтары бойынша айып тағылды.

Сот отырында Төлешовтің мемлекеттік салық көлемін азайту үшін және құжаттарды шұғыл түрде дайындау үшін өз қоластындағы азаматтардың көмегімен жүйелі түрде шенеудіктерге пара беріп отырғаны жайлы айтылды. Осылайша, кәсіпкер сыбайлас жемқорлықты жандандырып, ақ жағалылардың аузын майлап үйренгені жария болды. Шенеуніктердің көмегі үшін 1000$ мен 5 миллион теңгеге дейін қаржылай «рахметін» жеткізіп отырыпты.

Сот отырысында Төлешовке осы қылмыстар жасауға қолғабыс еткен тағы 8 адам да айыпталушылар қатарын толтырды. Олардың бәрі үйқамақта отыр.

Атап айтсақ: Лукина С.В –  «Шымкентпиво» ЖШС-нің  бас есепшісі қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 245-бабының  3-бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 312-бабы 4-бөлігінің «а», «б» тармақтары, 367-бап 3-бөлігі 1,2,3-тармақтары бойынша;

Аллакулиева О.В – «Шыны зауыты Дархан» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 245-баптың  3 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет) бойынша;

Умаров К.Д – «Умаров» жеке кәсіпкерлік қызметін атқарып жүріп, 28 баптың 5 бөлігі, 2 тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi),  245 баптың  2 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 241 бап (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) бойынша;

Носков А.А – «Шымкентпиво» ЖШС-і  директорының  орынбасары қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 28 баптың 5 бөлігі, 2 тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 245 баптың  2 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет) бойынша айыпталуда.

Төлешов ісіне қатысты айып тағылған мемлекеттік қызметкерлер: Бексеитова Г.Ш –  Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу), 366-бабы, 3-бөлігінің 2,4-тармақтары (Пара алу), 361-баптың 2-бөлігі (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша;

Мұсаев М.Т – Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша;

Қаракоджаев Н.К – Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің  331 баптың 4 бөлігі, «в» тармағы (Пара алу), 366- баптың 6-бөлігі 4-тармағы (Пара алу), 366 баптың 3 бөлігі 3,4-тармағы (Пара алу), 366-баптың 3-бөлігі 4-тармағы (Пара алу) бойынша;

Алдабергенов С.Б – Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің  366-бабы, 3-бөлігі 2 тармағы (Пара алу) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған деп айыпталуда.

Сот отырысында белгілі болғандай, Тоқтар Төлешов өз зауыдының кассасынан лауазымын пайдаланып еш себебін айтпастан 4 миллиард теңге алып кеткен екен.  Бұл ақша үшін ол ешқандай есеп бермеген және қаражат сол бойы қайтарылмаған, деді мемлекеттің айыптаушы өз сөзінде.

Сонымен қатар кәсіпкер иелігіндегі «Шыны зауыдында» анықталған заң бұзушылық фактілері шаш етектен. Тергеу қорытындысы шамамен 1 миллиард теңгенің қаржысы жымқырылып, мемлекетке шығын келгенін анықтаған. Олигарх қолға қамауға алынғанға дейін пара беруін үзбесе керек. Өйткені соңғы рет ұсталуына аз ғана уақыт қаларда, яғни, 2016 жылдың 6 қаңтар күні салық саласының маманына 1000$ бергені белгілі болды.

Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін барлық БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып жіберді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз