Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Тоқтамай қалды”. Алматыда лифтіден бірнеше адам ажал құша жаздады (видео)

Нұршида Айтбаева қазір лифтіге жақындауға да қорқады. Себебі, сенбіде жеделсатыға мінемін деп бір ажалдан қалыпты.

“Ішінде 4 адам болдық. Жоғарыға көтеріліп бара жатқанбыз.

Алтыншы қабатқа келгенде лифт төмен құлдилай жөнелді. Сосын жертөле мен бірінші қабаттың ортасында тұрып қалды.

Біз кабинадағы қоңырауды бастық. Бірақ, ол да істемейтін болып шықты.Әйтеуір, санаулы минуттан соң лифт жертөлеге ақырын түскен. Жұрт мұнда көшіп келгелі жеделсатының мінсіз жұмыс істегенін көрмепті. Ылғи қорқынышты дыбыстар естіліп, кабинасы теңселіп тұрады екен. Кенет тоқтап қалуы да жиі тіркеледі”,-деді Нұршида.

Ал «Лига ЖКХ» ЖШС директоры техникадан емес, оны дұрыс қолданбаған тұрғын үй адамдарынан көруде. Оның ойынша, тұрғындар лифтіге түрлі қоқыс тастап, ұқыпсыз пайдаланады екен.

“Лифт техникалық жағынан қиын құрылғы. Оның жұмысына түрлі жағдайлар әсер етеді.

Мүмкін  тұрғындар жиһаздарын ұқыпсыз кіргізіп, жеделсатының датчигін зақымдаған шығар.

Немесе қоқыс, құм тұрып қалған болуы мүмкін. Қазір лифт сол күйі жұмыс істеп тұр”,-деді ЖШС директоры Нұрахмет Қошымбаев.

Ал, Ақтөбедегі тележүргізуші мен атыраулық қос жасөспірімнің қайғылы қазасынан кейін қаймығып қалған жұрт, шамалары келгенше жаяу көтеріліп түсуде.  Айта кетерлігі, тура бір апта бұрын дәл осыған көршілес үйдегі жеделсаты да аяқасты төмен құлдилап, зейнеткер мертігіп қалған еді. Содан соң мұндағы лифттер жаппай тексеріліпті. Оның қорытындысы енді жарияланбақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз