Тоқалға таласып, 13 жылға сотталған кәсіпкер кесілген жазаның үш-ақ жылын өтеп, үйіне оралды. Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті растап отыр.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
https://kaz.365info.kz/akhmolada-stansa-bastygy-paramen-ystaldy-324423
Бизнесмен қалған 4 жылын айыппұл төлеп құтылады. Ақмола облыстық соты үкімге осындай өзгеріс енгізіпті. Қайрат Жамалиев 2015 жылдың тамыз айында тоқалы Айнұр Исинаны Әліби Жұмағұловтан қызғанып, жігітті өлімші етіп сабағаны үшін 13 жылға сотталған еді. Кейін жапа шекті делінген Әлібидің пікірі ескеріліп, мерзім 7 жылға қысқарды. Сол 7 жылдың 3 жылын қатаң және жалпы тәртіптегі түрмеде, ал қалған бөлігін қоныс калониясында өткізуі тиіс еді. Кәсіпкердің бостандық үшін мемлекетке қанша ақша төлеу керек екендігі айтылмаған.