Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тоқаев біліпті ғой…”. Саясаттанушы Назарбаевтың кетуіне дайындық басталып кеткенін айтты

– Бұл қоғамды биліктің ауысуына біртіндеп дайындау үшін жасалады. Бәрі Тоқаев айтқан сценарий бойынша жүреді деп түбегейлі бекіне алмаймыз. Біз биліктің ауысуынан қосымша белгілер көріп отырмыз. Тоқаевтың айтқаны соңғы жарты жылда белсенді түрде жүрген заңнамадағы өзгерістерді түсіндіреді. Соның ішінде ҚР Қауіпсіздік кеңесі мәртебесінің және оның төрағасының өзгерген рөлін де түсіндіріп берді.

– Тоқаевтың сөзі биліктің жоғарғы эшелонындағы басшыларға берілген белгі ме?

– Қазақстанда билік шұғыл қимыл жасағанды ұната бермейді. Екіншіден, қандай қадам жасалса да, қоғамдық пікірге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінен өтеді. Бұл мәселелер түрлі деңгейде талқыланады.

Сондықтан Президентімізге тән басқарудың осы “стилистикасынан” қарасақ, Тоқаев сол сөзін Қазақстан қоғамына арнап айтты деуге болады, екінші жағынан мемлекеттік-бюрократиялық аппарат үшін. Ол да шұғыл қимылды ұнатпайтын тірі ағза.

Тоқаев “А” деді, бірақ “Б-ны” айтпады. Аппарат үшін қабылдаушы адамның кім болатынын білу маңызды. Бұл белгілі болмайынша алаңдаушылық болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды қадам жасады, бірақ бұл тек басы ғана.

Бізге Назарбаев келесі сайлауға түспеуі мүмкін екені хабарланды, билік сол сайлауда ауысуы мүмкін. Бірақ біз сақтандырушы сценарийдің бар екенін көріп отырмыз, Президент Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарып, жаңа президент сайланса да көп құзіретке ие болып қалуы мүмкін.

Тоқаев мемлекеттік аппарат жинақтала берсін деп айтты. Ол әлі транзитке дайын емес. Екі жылдың ішінде тенденция басталып, билік қоғамды мұрагерге дайындаса, қоғамның өзі де ішінен біреуді ұсынуы мүмкін. Екі жыл биліктің өзіне де керек, ол кейбір тәуекелге дайындалуы керек, өйткені мәлімдемеден соң бас саяси доминант аренадан кеткен соң тәуекелдер пайда болуы ғажап емес.

Менің ойымша, біреу ертерек қимылдайды, негізі Ақордаға аппараттың өзі ақпаратты қалай қабылдайтынын, кімді көргісі келетінін білу маңызды.

Сенат спикері айтқан ақпаратты әлемнің жетекші елдері мен ЕЭО серіктестері қалай қабылдауы мүмкін?

– Тоқаевтың мәлімдемесі айтылған алаңнан бөлек, үшінші маңызды адресат бар. Бұл – халықаралық қауымдастық. Соңғы 10 жылда шетел билікті қабылдаушы адамды көп болжады. Бұл біздің ішкі жұмысымыз болса да, биліктің ауысуы жақын серіктестеріміз Ресей мен Қытайды бей-жай қалдырмайды.

Еуропалық одақ пен АҚШ-ты да. Қазақстан үшін олардың қалай қабылдайтыны маңызды, біздің билік айтқан сценарийге қарсы әрекеттер болмай ма, сол маңызды. Біз үшін бұның конструктивті әрі жанжалсыз, сыртқы күштердің әсерінсіз өткені керек.

Тоқаевтың мәлімдемесі халықаралық қауымдастықтың қалай қабылдайтынын және олар басқа да үміткерлерді ұсынуға талпынатын-талпынбайтынын, дайындалып жатқан сценарийге келісе ме, жоқ па, соны түсінуге көмектеседі.

Посткеңестік кеңістікте не болғанын көріп отырмыз. Украина. 2004 жылғы сайлаудағы жеңіс төңкерістің алдын ала алмады, Янукович жеңісіне сенімді болған еді, бірақ “сарғыш” төңкеріс болды.

Қырғызстанды алып қарайық, Грузиядағы қиын жағдай да бар. Әркімнің өз ерекшелігі бар, бізге “түсті” төңкерістің болмағаны, ішкі өзгерістердің болмағаны керек, элита ұсынған үміткерге контрэлита қарсы болмауы тиіс.

Тоқаев жасаған мәлімдемені қоғам көп күтті. Кері байланыс тексеріліп жатыр. Біз старттың алдында емес, өзінде тұрмыз.

– Мемлекеттегі жоғарғы билікке қарсы мәлімдеме неге 2018 жылдың ортасында жасалды, неге одан ерте немесе кеш емес?

– Заң шарттары дайындалды. Қауіпсіздік кеңесіне қатысты көп өзгеріс мәжіліс пен сенаттан өтті. Олар Президенттің өзі қол қоюы тиіс межеге жетті. Бұрын

сәйкес саяси жағдай болмады деп ойлаймын. Келесі қадамын жасар алдында билік өз шешімін жариялайтын болады.

Дерек көз: Today.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз