Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тойымсыз екен!”. Бурабай санаторийінің пара алған экс-басшысы сотталды

2017 жылға маусымда ер адам Бурабай ауданындағы “Бурабай” республикалық реабилитация орталығы” мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалған. 2018 жылғы мамырда мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес, “Бурабай” орталығындағы науқастарды тамақпен қамтамасыз ету бойынша “Б” ЖК-мен 105 миллион 304 мың 775 теңгеге келісім жасалған.

https://kaz.365info.kz/khazaviakhytkharu-men-khazaviaormankhorgaudyn-basshylary-byudzhet-akhshasyna-shalkhyp-omir-syrgen-287280

Санаторий басшысы қолдау көрсеткені үшін тендер жеңімпазынан жалпы соманың 10 пайызын талап етіпті. Кәсіпкер әйел қиындықтарды сылтауратып, пара көлемін 5 пайызға дейін төмендеткен.

Орталық басшысы әйел адамнан ақша алу үшін Щучинскідегі дәмханаға шақырады. Ойын-сауық орнына бастық орынбасарымен бірге оның жеке көлігі Lexus LX470 мініп келген.

Кешкі ас ішіп болған соң, шенеунік орынбасарынан көліктің кілтін алып, пульт арқылы есігін ашады, кәсіпкер әйелден 5 миллион теңгені көліктің артқы орындығына қоюды сұрайды. Содан соң, оны жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлері парамен ұстаған.

https://kaz.365info.kz/2-mlrd-tenge-ajyppylmen-bostandykhkha-shykhty-300854

Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісім жасасыпты. Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды пара алғаны үшін айыпты деп таныды.

Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сот бақылаудың әлсіздігі мен жемқорлықтың алдын алу шараларының жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз