Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тойшыл халық ойшыл бола алмауда: Қызылорда облысында тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

836
Сурет: qazdauiri.kz

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының қаулысымен төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды – деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай режимі кезінде бірінші кезекте қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды. Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне сағат 22.00-ден кейін шектеу қойылды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.

Соған қарамастан, облыс бойынша төтенше жағдай кезінде режимді бұзып, сағат 22.00-ден кейін жұмыс істегені үшін 20 кафе-тойхана және үйінде той өткізгені үшін 2 үй иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысының прокуратурасы.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялаған. Сол кезде той жасауға тыйым салынған еді.

«Ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын»,

– деп жазылған Тоқаевтың қаулысында.

Президенттің жаңа қаулысы бойынша, мейрамхана қожайындарына салтанатты шаралар өткізбеу туралы ескерту жасалған. Бұл ескертуге құлақ аспай, іс-шара өткізгендер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы («Төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша, мекеме қожайындары 10-15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге дейін мерзімге қамалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз