Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Той кортежінде оқ атып, ойқастағандардың барлығының көлігі айыптұраққа жөнелтілді

ОҚО ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің өкілдері аталған жайтқа қатысы бар жүргізушілердің жеке тұлғасын анықтады. Олар 1993 жылы туылған Шымкент қаласының төрт тұрғыны және 1987 жылы туылған Ақтөбе облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Полицейлермен «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік кодексінің 606-бабының 1-бөлігімен «Апаттық жағдай тудыру», «БМВ» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік кодексінің 593-баптың 1-бөлігі «Жолаушылар тасымалдау ережелерін бұзу» және 606-баптың 1-бөлігі «Апаттық жағдай тудыру», ал «Мерседес Бенц-280» және «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігінің жұргізушілеріне ҚР Әкімшілік кодексінің 614-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ «Крайслер» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік кодексінің 606-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа жөнелтілді.

https://www.youtube.com/watch?v=OY7ZRjRVK9s

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз