Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Тісімнің барлығы саудырап түсіп қалды». Баян Мақсатқызы бала кезінде де ауыр соққыға жығылыпты

179

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қолға алған туындысының алғашқы жазбасының үзіндісін де жариялап үлгерді.

Ондағы дәйекке сүйенсек, Баян кішкентай кезінде де ауыр соққыға жығылыпты.

«Көзімді ашсам, ауруханада екенмін. Қай жерде екенімді, мұнда қалай тап болғанымды, бүтін өне-бойымның шыдатпай неге ауырсынатынын алғашында мен түсіне алмай, аңырып біразға дейін жаттым. Мұны жақын адамым істеген секілді ғой?.. Есіме түсірейін десем, басым ауырып, оған мұрша бермеді, бірақ өкіріп тұрып, жылағым келеді. Бір уақытта бәрі есіме түсті.

Мұндай жайтты бұрын да басымнан бір рет кешкен едім ғой. Ол кезде де тура осылай бейтаныс жерде көзімді аштым, сау-тамтығым қалмап еді әрі онда да мұны маған жақын адам істеген. Иә, ол кезде мен жеті жаста едім. Бар-жоғы жарты сағаттың ішінде бүкіл тісім саудырап түсіп қалған… Жоқ, бұлай болмайды, өйткені ештеңе түсініксіз. Сондықтан бәрін қайтадан басынан бастайын.

І-тарау. Болады және Болмайды

І-бөлім. Бәрі сен үшін…

Менің жадымда сақталған балалық шағым туралы ең алғашқы естеліктің қай күні, қай айда, қандай сағатта болғанына дейін білемін».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз