Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тіркеу екі адамның өмірін «жалмады». Депутаттар неге бейқам?..

Бірақ Үкімет естімеген кейіпте. Уақытша тіркеу сол күйі дүрбелеңмен өтіп жатыр. Тіпті, кісі өлімі де тіркелді. Бір емес, екі рет. Екіншісі бүгін Алматы қаласының Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелді. Алдында, 11-қаңтарда Алматы іргесіндегі Іле ауданында да тіркеу кезінде 59 жастағы мүгедек адам қайтыс болған болатын.  Орталық қызметкерлері мүгедек адамды кезексіз қабылдамай, 3 сағат күттірген.

Бұл масқара жайттардың орын алуы – уақытша тіркеу туралы халықты алдын ала хабардар етпегеннің салдары. Сондай-ақ бұл Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзі бұл шараны жүзеге асыруға дайын еместігін анық аңғартуда.

Аталмыш заңға тоқтау салу  немесе оны өзгерту үшін, енді қанша адам өлу керек?..

Бұл – биліктен қандай да бір шара қабылдауды күтіп отырған көпшілік көкейіндегі сұрақ.

Тілшілер бұл сауалды бүгін сол шикі заңды қабылдаған депутаттардың өзінен сұрап көруге тырысты.

– Кісі өліп жатыр, көрмейсіздер ме? деді…  Ал депутат не дейді дейсіз ғой?..

«Қазақстанда тіркеу жүріп жатқандықтан ЦОН-да адам өлді деп ойлайсыз ба?!.. Иә, қаза болған екен, ондай денсаулықпен ол үйінде де мерт болар еді, білмеймін енді. Бұл сауалды маған емес, жедел жәрдем қызметіне қойғандарыңыз дұрыс шығар»,

— деді Парламент Мәжілісі отырысынан кейінгі дәліздегі сұқбатында депутат Аманжан Жамалов деп хабарлады Newtimes.kz.

«Өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе», – деді тағы бір тілші.

«Мен өзімді кінәлі сезінбеймін, өйткені біз мұнда көп заңды қабылдаймыз, ал бұл заңды жүзеге асыру – аса қажетті шара. Турасын айтқанда, тіркеуден өтудің дұрыстығына ешкім бүгін күмән келтірмейді»,

— деді Аманжан Жамалов.

Расында, тілшілер қалтарыстан келіп қаумалап, қақпақылағанда депутаттың қапелімде аузына түскен сөздері осы шығар.

Бірақ халықтан дауыс жинап, халық атынан сайланған депутаттың халық қамы үшін қайғырып тұрғаны еш көрінбейді.

Депутат мырза, мұндай мәлімдемеңізбен елдің көңіліне селкеу түсіргенше, одан да үнсіз кеткеніңіз жөн болар ма еді, қалай?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз