Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

130

Бұл туралы осы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар мерзімі аралағына ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды.

Кандидаттар әлемдегі 206 ҰОКҚ арасында қаралды. Атқару комитетіне құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 олимпиадалық қозғалыстың спорт функционері кіреді. Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады.

Мұндай жауапты қызметке тағайындалу – олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқанын, өз еліндегі спорттың дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін және спортшылардың халықаралық аренада жетістіктерді бағындыруын көрсетеді.

Еске сала кетейік, 28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны 200-ден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы есебі 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз