Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Тимур Бекмамбетов анасын еске алып, Атырауға хат жолдады

Ол жерге анасымен бірге Тимур Бекмамбетов те көп баратын, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен аптада аталмыш басылымның 20 мыңыншы саны жарық көрді.

«Жақында редакцияға хат келді»,- дейді басылымның бас редакторы Нәсіп Шалабаева.

«Бұл редакция менің жақсы есімде. Уәлиханов көшесінің бойындағы бірқабатты кішігірім үй. Оның әрбір бөлмесінде менің анамның таныстары Игорь Николаевич пен Зоя Николаевна Свидина, Иван Петрович Свербихин, Калавдия Ивановна Толстова, Борис Алексеевич Матвеев отыратын. Мен оқитын мектеп сол редакцияның жанында болатын. Ол кезде бәрі менің сабақтан алған бағаларым мен спорттағы жетістіктерімді қызыға сұрайтын.

Әлі есімде, Гурьев қаласына әйгілі Вольф Мессинг келіп, редакция журналистерімен кездесті. Анам мені осы кездесуге алып барды. Мессинг өзінің фокустарын көрсетті. Қас-қағым сәтте журналистердің қаламсаптары мен блокноттары жоғалып кетіп жатты. Мен бұған таң-тамаша болдым!..

Мен есейгенде Борис Метвеевтің фотозертханасына жиі баратын болдым. Ол маған суретке түсіріп, пленканы, кәртішкелерді басып шығаруды үйретті. Ал, осы алғашқы сабақтардың менің мамандығым үшін болашақта керек болатынын ешкім де білген жоқ.

Анам жұмыс істеген басылым бүгін 20 мыңыншы санының жарық көруін атап өтуде.

Газеттің оқырмандарына өз басылымдарына адал болуын тілеймін. Газеттің таралымы тек өсумен болсын. Өткен жылы мен өзім туған қаламда болдым және қатты қуандым. Ол бұрынғысынан да көрікті бола түскен. Қала заман ағымына ілесіп келеді. Мен онда көптеген керемет жастармен жүздестім»,- деп жазды Бекмамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз