Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Тимати шақырып алды…”. Соңғы сәтте Денис Тенмен болған жігіт қатты өкініп, жазба жариялады (видео)

244

Дегенмен ол да бармағын тістеп, қатты өкініп отыр екен қазір. Кешірші дей береді…

https://kaz.365info.kz/khylmyskerlerdin-khytyrgany-sonsha-basymyzga-shykhty-dosym-satpaev-324585

“Бұған әлі де сене алар емеспін, шынымды айтайын, видеоны қайта-қайта қарап, дым да болмағандай, қайта кездесетіндей болып отырмын. Өмірінің соңғы сағатында ол өте қуанышты болды, одан позитив энергия тарап, барлығына қуат сыйлайтын.

Тапа-тал түсте, қаланың қақ ортасында, ұрлық, адам өлтіру, бұл қалай болғаны? Түсіне алмаймын, сене алар емеспін.

Сені шығарып салмағаным үшін кешірші. Сені ұзағырақ отырғызбағаным үшін кешірші. Құшақтамағаным үшін кешірші. Ертерек қайтып кетпегеніңе кешірші. Байқамай қалғаныма кешірші.

Кешірші, мені, досым”, – деп жазды ол. – деп жазды rus_libirry деген қолданушы Instagram желісінде.

https://kaz.365info.kz/zhambyldyn-zhigiti-eken-denis-tendi-oltirdi-dep-ystalgan-kydikti-khylmysyn-mojyndady-324608

Еске салайық, кеше, 19-шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды. Денис Тен өлімінің алдында мейрамханада осы видеоны түсірген.

https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573

Қазір Денис Теннің өліміне қатысты күдікті ұсталып, өз қылмысын мойындады. Ол 1994 жылғы Жамбылдың тумасы болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз