Доллардың үлкен көлемде сатылымы жасалды, содан кейін қайтадан сатып алынды. Бұл әрекеттердің себебі наурызда, мәмілелер туралы есеп берілген кезде белгілі болады.

Экономист Арман Байғановтың пікірінше, теңге бағамына мұнай бағасы әсер етуде, ал мұнай бағасы жоғары, себебі АҚШ-та “қара алтынның” қоры азайған. Ол Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 100 долларға дейін жетіп, одан да жоғары көтерілуі мүмкін деп санайды.
— Рубль соңғы уақытта Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің төмендеуі аясында құлдырағаннан кейін қайтадан күшейе бастады. Бұл теңге бағамына да әсер етеді. Оған қоса, Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін дүрлігу аздап төмендеді. Сонымен қатар, қазір жылдық салық төлемдері жүргізілуде — мұның бәрі бағамды тұрақтандыруға ықпал етеді.
Бірақ Қазақстанда инфляцияның алдағы уақытта да болу ықтималдығын ешкім жоққа шығарған жоқ және ол теңгенің одан әрі нығаюына кедергі келтіретін болады,
— деп санайды ол.
Оның айтуынша, теңгенің құбылмалылығы қалыпты жағдай, ол әрі қарай да жалғасады. Доллардың өзі басқа валюталарға қатысты біршама нығайды, мұнай алдымен қымбаттап, кейін аздап төмендеді, бұл Қазақстанның ұлттық валютасының бұрынғы деңгейіне оралуына әкелді. Алдағы уақытта тағы да 5-10 теңгеге нығаюы мүмкін.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов те теңге бағамының одан әрі ауытқуын жоққа шығармайды.
— Мен үшін теңгенің 425-ке дейін нығаюы күтпеген жағдай болды. Бұлай болмауы керек еді. Әлбетте, біз болжай алмайтын ерекше мәміле жасалды: біреу сатты да, содан кейін валютаны қайтадан сатып алды
Мұның бәріне мұнай бағасы да әсер етеді. Біздің экономикамыз қалыпқа келгенше, ұзақ мерзім ішінде (бес жыл) теңге төмендейтін болады деп ойлаймын, — деп сенеді қаржыгер.
Экономист Арман Бейсембаев наурыз айында ақпан айындағы валюталық операциялар бойынша деректер пайда болады, ол дерек сол кезде теңгеге неге осы уақытқа дейін мұнайдың қымбаттағаны ешқандай әсер бермегенін, бір сәтте қалайша күшейгенін түсіндіруге көмектеседі деп есептейді. Деректер доллармен жасалатын мәмілелер бойынша сату көлемін көрсетеді.
— Біз айқындаушы факторлардың бірі — мұнай бағасының өсуі екенін түсінеміз. Сонымен қатар, қандай да бір ішкі факторлар бар екенін ұмытпайық.
Бір нәрсені анық айта аламын: теңгенің нығаю себебі — валютаны сатудан
Ұлттық банк осы сәтте бағамды ұстап тұруды тоқтатты — теңге күшейе түсті. Бірақ неге олар валютаны сатқанын және бұл қандай шара екенін мен әзірге білмеймін. Валютаның басқа да негізгі сатып алулары болмағанын ескерсек, бұл Ұлттық қордың транштары болуы мүмкін.
Әлбетте, бұл валютаның жаппай сатылымы бағамның нығаюына мүмкіндік берді. Мұның бәрі рубль бағамының нығаюы түрінде қолайлы сыртқы жағдаймен қатар орын алды.
Сонымен, қаңтар айының соңында рубль 80-ге жетті, содан кейін баяу күшейе бастады. Ақыры 74-ке дейін нығайды. Әрине, бізде мұнай өсе бастады. Қазір оның бағасы аздап төмендегенімен, нарық үшін бұл жағымды белгі, — деді ол.
Бейсенбаевты таңғалдыратыны, қазір ешкім мұнайдың бағасы 70 доллар болғанда, теңге бағамы 425 болғаны, ал ол 80-ге жеткенде ұлттық валютаға ерекше әсер етпегені ешкімді ойлантпайтыны.
— Ал мұнай қазірдің өзінде 90-нан сатылып жатыр, ал біз теңгенің бағамын осыған дейін болған деңгейде көріп отырмыз және 428-ден 425-ке дейінгі аздаған ауытқуды әлдебір нығаю ретінде қабылдаймыз. Алайда, логика тұрғысынан бұл қандай да бір нонсенс: теңге 428-ге дейін әлсіреді, ал соңғы тәулікте мұнай 90-нан түскен жоқ, – деп атап өтті экономист.
Демек, теңгені қазір рубль де, мұнай да “қозғалта алмайды”, оның өзінің ішкі қозғалыс логикасы бар.
— Қазір теңге нығая алады: ол 420-дан да, 410-нан да, тіпті 400-ден де төмен түсе алады. Ал көктемде біз мұнайды 100-ден көретін шығармыз, теңге бағамына бұл белгілерге қол жеткізуге ештеңе кедергі келтірмейді
Тағы бір нәрсе, бізде ішкі түсініксіз логика бар, оған сәйкес курс өзін-өзі ұстай алмайды. Осыған сүйене отырып, мен 425 төменгі, ал 437 жоғарғы деңгей болады деген қорытынды жасай аламын. Және жақын күндері біз осы дәліз шеңберінде ауытқығанын көретін боламыз, – деп түйіндеді Бейсембаев.