Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Теміртаулық қыз интернетте жігітпен танысамын деп айықпас дертке шалдықты

https://kaz.365info.kz/kh-gymdy-zheme-bayan-makhsatkhyzy-artykh-ketti-foto-331204

Қыз бұған дейін ешкіммен төсектес болмаған, ол болған жайтты құрбысына айтып берген. Құрбысы ВИЧ-ке тест тапсыруға кеңес беріпті.

“Содан кейін, әрине, біздің мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, тағы үш әйел зымияндық әрекеттің құрбаны болғанын анықтады. Алайда олар әзірге полицияға арыз жазуға дайын емес. Ер адам 118-бап – иммун тапшылығы вирусын жұқтыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс”, — деп түсіндірді Могай.

118-баптың 3 бөлігіне сәйкес, егер күдікті өзінің науқас екенін біле тұра, кем дегенде екі адамға жұқтырса, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Ал ол, әрине, білді. Әрбір пациент арнайы құжатқа қол қойып, өзіне жауапкершілік алады. Яғни, ол қыздармен қорғанбай жыныстық қатынасқа түсіп, заңды бұзып жатқанын жақсы білді”, — дейді ол.

https://kaz.365info.kz/tyrkistan-oblysynda-bolgan-atyskha-khatysty-zhana-malimetter-shykhty-331208

Ер адам мұндай әрекетке неліктен барғанын СПИД орталықтың мамандары әзірге білмейді. Бұл іспен одан әрі полицейлер айналысады.

“Қыз әлі күнге есеңгіреген күйі отыр. Онымен біздің психолог жұмыс істеуде. Біз оған препараттардың көмегімен ұзақ әрі толыққанды өмір сүруге болатынын түсіндіріп жатырмыз. Бізде ретровирустық терапия көмегімен 80-ге дейін өмір сүріп жатқан пациенттер бар”, — деп түйіндеді Светлана Могай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз